Оқылым дағдыларын дамытуға арналған мәтіндер 1-мәтін. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз


) Қазақстан Республикасында ЕХРО көрмесі қай кезде өткізіледі?



бет3/5
Дата03.03.2023
өлшемі24,61 Kb.
#71423
1   2   3   4   5
5) Қазақстан Республикасында ЕХРО көрмесі қай кезде өткізіледі?
А)10 маусым- 10 шілде
В) 10 маусым – 10 тамыз
С) 10 маусым – 10 қыркүйек
Д) 10 маусым - 10 желтоқсан
Е) 10 маусым – 10 қараша
3-мәтін .Мәтінді оқып,астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың белгісі деп есептейді. Әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.
Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді.Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.Қазақтар аққуды «киелі құс» деген:
Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.(121)
1.Мәтінде не туралы айтылған?
А) сұлулық туралы
В) шоқжұлдыз туралы
С) құс туралы
Д) аққу құсы туралы
Е) қазақтың әдемі қыздары туралы
2.Мәтін бойынша аққудың ең басты қасиеті.
А) ұя басулары
В) жұптасып өмір сүрулері
С) өз тамақтарын табулары
Д) ән салулары
Е) ұрпақтарын өсірулері
3.Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтел.
А) «Сүйріктей аққу мойын»
В) «Аққудай ару»
С) Аққу - киелі құс.
Д) Аққу - құстың төресі.
Е) Аққу – сұлулықтың белгісі.
4.Мәтіннің тақырыбы
А)Аққудың сұлулығы
В) Аққудың түрлері
С) Аққудың өмір сүру ерекшеліктері
Д) Құстардың достығы
Е) Аққу-жұптасып өмір сүретін құстардың бірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет