Оқылым дағдыларын дамытуға арналған мәтіндер 1-мәтін. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз


-мәтін. Мәтінді оқып,астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет2/5
Дата03.03.2023
өлшемі24,61 Kb.
#71423
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1567481734

2-мәтін. Мәтінді оқып,астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
ЕХРО – бүкіләлемдік бірегей көшпелі көрме. Маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, әлемдік деңгейдегі жарыстармен салыстыруға болатын ауқымды оқиға. Ол 1851 жылы Лондонда өткен бірінші бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған.
ЕХРО халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып келеді. Ол көрмеге қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ көрме жаңа идеялардың жарыққа шығуына септігін тигізетін ерекше алаң болып табылады.
ЕХРО көрмесін миллиондаған турист тамашалайды. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып саналады. Біздің еліміз ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
Көшпелі көрмені өткізудегі негізгі мақсат – мемлекеттің оң имиджін қалыптастыру, әлемдік нарықта бәсекеге бейімді мемлекет құру, елімізге туристер тарту.
Көрме көптеген ауқымды жобалар мен ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит энергиясының көздері мен жаңа технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ол елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға септігін тигізеді. Ел экономикасын жақсартып, мемлекетке зор бедел мен танымалдылық алып келеді.(152)
1.Мәтінде қандай көрме туралы айтылған?
А) ЕХРО экономикалық көрме
В) ЕХРО ауқымды көрме
С) ЕХРО әлемдік көрме
Д) бүкіләлемдік бірегей көшпелі көрме
Е) өнеркәсіп көрмесі
2.ЕХРО – бүкіләлемдік бірегей көшпелі көрмесі қай кезден бастап өткізіледі?
А) 2005 жылдан бастап
В) 1851 жылдан бастап
С) 2017 жылдан бастап
Д) 2015 жылдан бастап
Е) 1850 жылдан бастап
3.Бірінші бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесі қайдан бастау алған?
А) Астанада
В) Лондонда
С) Англияда
Д) Алматыда
Е) Қазақстанда
4.Көшпелі көрмені өткізудегі негізгі мақсаты не?
А) әлемдік нарықта бәсекеге бейімді мемлекет құру
В) технологияны пайдалануға мүмкіндік
С) көрмелер бюросының мүшесі болып саналады
Д) үздік әлемдік энергия
Е) мәдени жетістіктерімен танысу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет