Оқылым дағдыларын дамытуға арналған мәтіндер 1-мәтін. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз


-мәтін. Мәтінді оқып,астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет5/5
Дата03.03.2023
өлшемі24,61 Kb.
#71423
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1567481734

5-мәтін. Мәтінді оқып,астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
«Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы 29 тамызда ашылды.Монументті жасау идеясын ұсынған – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жоба авторы- атақты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер.Ал,жобаны жүзеге асыру жұмыстарына сәулетші Ақмұрза Рүстембеков жетекшілік еткен.
Монумент биіктігі 105метр металдан жасалған мұнара. Мұнараның басында «хамелеон» шынысынан жасалған алтын түстес алып шар. Шардың көлденеңі-22метр.
«Астана-Бәйтерек» монументі үш дүние негізінің символы болып табылатын үш деңгейге бөлінген.
Монументтің төменгі деңгейі жердің астында орналасқан.Онда дәмхана,аквариумдар мен көркемсурет галереясы жайғасқан.Ортаңғы деңгейді шыны қабырғалы лифтілер алып тұр.Шардың кең,жарық залдарында ресми және іс-шаралар өткізіліп тұрады.
97 метр биіктегі шарда Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының таңбасы салынған, «Аялы алақан» деп аталатын композиция орнатылған.
97 саны елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген жылын білдіреді.
«Астана-Бәйтерек» монументі-тарихи тамырларын сақтап қала білген жас, қуатты мемлекеттің символдық бейнесі.
1. «Астана-Бәйтерек» монументінің ашылуы
А)1992 жылы 1желтоқсан
В) 1995жылы 30тамыз
С) 1997 жылы 22наурыз
Д) 2002 жылы 29 тамыз
Е) 2005 жылы
2. «Астана-Бәйтерек» монументінің идеясын ұсынған
А) Норман Фостер
В) Ақмұрза Рүстембеков
С) Нұрсұлтан Назарбаев
Д) Әсет Исекешов
Е) Төлеген Мұхамеджанов
3. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі
А) 97метр
В) 98метр
С) 99метр
Д) 100метр
Е) 105метр
4.Шардың түсі
А) ақ түсті
В) «хамелеон» түсті
С) көк түсті
Д) сары түсті
Е) алтын түсті
5.Шарда кімнің таңбасы салынған?
А) Нұрсұлтан Назарбаевтың
В) Норман Фостердің
Д) Ақмұрза Рүстембеков
С) Әсет Исекешовтың
Е) Төлеген Мұхамеджановтың

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет