Оқылым. Тапсырма. Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.[10]



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі96,56 Kb.
#118448
  1   2   3   4



«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Оқылым. Тапсырма. Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.[10]


А мәтіні
Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи бос уақыттарын бірге өткізетін. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпайды. Сондықтан да болар оның мінезі тұйық. Ал Мараттың мінезі көңілді, ақжарқын, досының қамын ойлап жүретін бала.
Бір күні Марат орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап жүріп, бір көбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін»- дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек»- дейді. Көбелек өз жөніне ұшып кетеді.
Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары-бері Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының мұңлы көзін көріп, орманға келіп, маған велосипед те, қиялдағы ұялы телефон да қажет емес деп ойлайды. Ол: «Арман көбелегі, досым аяғынан тік тұрып кетсінші, сол тілегімді орындашы»,- деп жалынады.
Үйіне келсе, ата-анасы Дарханның шетелге дәрігерлерге көрінуге баратынын айтады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өзін атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса, қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат, ормандағы арман көбелегіне іштей алғысын жаудыртады.


1. Қай ақпарат мәтінге сәйкес? [1]

  1. Марат пен Дархан нағыз тату достар.

  2. Марат табиғат аясында ойнағанды ұнатпайды.

А) тек біріншісі Ә) тек екіншісі Б) екеуі де бұрыс В) екеуі де дұрыс

  1. Қай абзацта Мараттың арманы орындалады? [1]

А) І Ә) ІІ В) ІІІ В) ІV


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет