Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет28/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Өз тағдырын халық мүддесімен байланыстыра білген 
қазақтан шыққан елжанды тұлғаларды атаңыз. 
2. Қазақ аруларының елжандылық қасиеттерін заманына 
сай сипаттама беріңіз. 
3. Венн диаграммасы бойынша Әлия, Мәншүк, Хиуаздың 
тұлғалық сипаттарына салыстырмалы талдау жасаңыз. 


64 
ҚАСИЕТТІ ҚОЛБАСШЫ, ЕЛ БАСҚАРҒАН АРУЛАР 
Заман өзгерісіне орай әйелдер қауымы мемлекет пен 
қоғам өміріне араласудан ада қалып жатқан жоқ. Жалпы, 
әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріне белсене қатысуы өткен 
ғасырда айқын көрініс тапты. Бұрын Үкімет басында, тіпті, 
Қорғаныс ведомствосына әйел адамның жетекшілік етуі сирек 
кездесетін құбылыс болатын. Олардың мемлекет ісіне 
араласуына демократиялық үрдіс айтарлықтай ықпал етті. 
Әйелдердің саясатқа белсенді араласуы тек дамыған 
Еуропада ғана көрініс тапқан жоқ. Ол халқының 100 пайызы 
мұсылман Пәкістанда да салтанат құрды. Биліктегі әйелдер 
шығыстық әдет-ғұрып пен салт-сананы сақтай отырып, әлемдік 
саясатта өз елінің игілігі үшін жан аямай еңбек етті.
Дүниежүзілік саясат әлемінде өз есімдерін алтын 
әріптермен жазып кеткен қайраткер әйелдер аз емес. 
Пәкістанның премьер-министрі болған Беназир Бхутто мен 
Түрік елінің мерейін аспандатып кеткен Тансу Чиллер
Украинаның экс-премьер-министрі Юля Тимошенко, Индонезия 
Республикасын басқарған Сукарнопутри мен Бангладеш 
Үкіметінің тізгінін ұстаған Халида Вазет, ұзақ жылдар 
Никарагуаның Президенті болған Виолетта Чаморра, Филиппин 
елін басқарған Карасон Акинодан кейінгі биліктің шыңына 
шыққан Глория Арройо, Шри-Ланка елінің билігін қолына алған 
Чандрика Кумаратунга, Африка құрылығындағы Либерияның 
Президенті болып сайланған Эллен Джонсон Серлиф елді ең 
қиын-қыстау сәттерде басқара білді. Мемлекет мүддесінде 
АҚШ мемлекеттік хатшысы болған Кондолиза Райстың, Қытай 
мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары У ханымның және 
Үндістан Ұлттық Конгресінің жетекшісі Соня Гандидің саяси 
ықпалы орасан зор. АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосын 
бүгінде бұрынғы сенатор Хилари Клинтон басқарып отыр. Бұл 
– АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосын басқарған үшінші 
әйел. Ұлттық мүдде мен ұлт дәстүрін үнемі бірінші кезекке


65 
қойып, шиеленісті жайттарды парасаттылық тұрғысынан 
шешетіні үшін ирландықтар өз таңдауларын Мери Робинсонға 
берді. Қазір Мери Робинсон Біріккен Ұлттар Ұйымының адам 
құқықтары жөніндегі бас комиссары болып әлемдік тұрғыда 
саясатқа араласып отыр. Ал, Финляндия мен Норвегияда 
әйелдер өз елдерінің әскери ведомстволарын басқарады. 
Әлемдік саясатта жарты әлемге өз ықпалын жүргізген Маргарет 
Тэтчер мен Үлкен сегіздіктің жуан ортасында Германияның 
канцлері Меркель ханымның ғаламдық мәселелерге араласуы 
нәзік жандардың осал еместігін көрсетсе керек. 
Қазақ ұғымында бұл әйел ерлік пен өрліктің белгісіндей 
сақталған. Зарина – біздің заманымызға дейінгі ғасырларда өмір 
сүрген, ежелгі сақ тайпаларының бірін басқарған жауынгер 
әйел. Зарина билік құрған кезеңде көршілес жатқан Табғаш елі 
мен Славяндар әйел басқарып отырса да, Заринаның иелігіндегі 
жерге қарай қадам басуға жүрексінгені жайлы айтады. 
Заринаның әскерінде сонымен қатар қыздардан құрылған әскер 
де болған. Геродоттың жазбаларында бұлар: «сақ тайпасының 
қыздардан құралған әскері – кез келген қолына қару ұстаған ер 
адамнан кем емес, олардың атқа мінісі мен ұрысу өнерін 
меңгергені және батырлықтарының өзі ер адамдарға үлгі 
боларлық» деп жазады. 
Бүгінгі жеткен аңыздар осы Зарина ханым басқарған 
жауынгер 
қыздар 
тобы 
(амазонка) 
болып 
саналады. 
Тарихшылардың айтуынша, Зарина басқарған тұста елде ешбір 
қиыншылық болмай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» 
заман болды деседі, көршілес елдермен бейбіт қарым-қатынас 
жүргізіп, елдің көркеюін қамтамасыз еткен ол бұл істерін тек 
өзге елдің өзіне ашуынан сақтануы үшін емес, өзінің де 
мыңдаған қол жауынгері сақадай-сай дайын тұрғандықтан 
болатын. Бұл оның барлығында елдің бейбіт өмірі үшін жасалды 
дейді. 
Заринамен байланысты айтылатын бізге жеткен 
деректердің барлығы да оның Отаны мен еліне деген адалдығын 
дәлелдейді. Соның бірі де бірегейі Тағбаш ханымен болған 


66 
кездесуі. Көршілес Тағбаш ханы Заринаның өзіне ғашық болып, 
көңіл білдіріп, сөз салады. Бірақ тарихшылардың айтуынша, 
мұнда ешқандай да есеп пен сол елдің билігіне, ханымына 
үйлену арқылы жетсем деген ой болмағаны, шынайы ғашық 
болғаны жайлы айтылады. Десе де, бір ұлысты уысында ұстаған 
ақылды ханды кім жек көрсін, Зарина ханымның да бұл жүрек 
қалауы болса керек. Екі жақта келісім жүріп, енді үйлену 
мәселесі қалғанда өзіне тоқтау салған Сақ патшасы Зарина 
ханым «Егер мен Табғаш ханына тұрмысқа шықсам, менің 
артымдағы қалың еліме де ол иелік жасайды, мұның ақырында 
менің халқым, сол елдің халқына құл болады» деп, Табғаш 
ханына тұрмысқа шығудан бас тартады. Мұның өзі Зарина 
ханымның ерлігін көрсетсе керек-ті. 
Зарина ханымның аты сол кезеңдерде Эгей теңізіне 
дейін жетіп отырғаны тарихи жазбалардан аян. Оның соғыс 
даласы үшін өсірілген аттары, соғыс салу өнеріне жаттыққан 
әскерлеріне қарап, басқарушысы әйел екеніне кейде жаудың өзі 
де сенбей қалатын. Бірақ аңдыған дұшпан алмай қоя ма? Зарина 
тым жас қалпында жыланға қастандықпен шақтырылып, 
аңшылықта жүріп қаза табады. 
Зарина ханымның құрған ұлысы ханым өлген соң да 
жылдар бойы гүлденген жағдайда өмір сүрді. 
Тарихқа назар аударсақ, патшалықтың гүлденген тұсы 
Тұмар патшайым билік жүргізген уақыт екеніне көз жеткіземіз. 
Сол кезеңде сақтардың қару-жарағы мен жүйрік аттарына тең 
келер құнды нәрселер болмағанын бүгінгі жеткен деректер 
әйгілейді. 
Патшайым туралы бізге жеткен деректер аз. Соның бірі 
соғыс даласында өткен ІІ Кир есімімен байланысты әңгіме 
саналады. Достастық елдерде сонымен қатар Парсы патшасы 
атақты ІІ Кирдің өзі достық, соғыс одағын жасасқан. Алайда, 
асып-тасқан Кир бұл одақты місе тұтпай, Орта Азия мен 
Қазақстан жерін жайлаған сақ-массагеттер елін кіріптар етіп, 
жаулап алуға ұмтылады. 
Тұмар ханым – билік басына отыз жеті жасында, ерінің 
орнына келеді. Десе де, өмірінің соңғы жылдары елдің жеріне 


67 
көз алартушылықтардан көп жапа шегіп, шапқыншылық 
көбейіп, жеті жыл тақта отырады да, қырық төрт жасында көз 
жұмады. Патшайымның жалғыз он алтыдан асқан ұлы бар еді. 
Ол бүкіл әскердің үштен бірін алып келе жатып, Кирдің 
адамдарына кездесіп оны жеңеді. Алғашқы жорығының 
жеңіспен аяқталғанына қуанған жігіт, сол жерде той тойлап, 
шарап ішіп, әскерімен алаңсыз ұйқыға кетеді. Мұны білген Кир 
қайтып келіп, ұйқыдағы әскерді тас-талқан етеді. Тұмардың 
баласы қолға түсті.
Тұмар патша Кирге жаушы жіберіп, баласын босатып, 
еліне тыныштықпен қайтаруды талап етеді. Тұмар Кирге былай 
деп сәлем айтады: «Сен менің тұтқындағы ұлымды қайтар да, 
аман-сауыңда еліңе кет. Бұл айтқанымды тыңдамасаң, қанға 
тоймас басыңды қанға тұншықтырамын!».
Кир баланы босатпайды. Кирдің жібермейтініне көзі 
жеткен жас жігіт өзін-өзі өлтіреді. Баласының қазасы Тұмар 
патшаны есеңгіретіп кетті. Көзі жасқа толып, бауыры езіліп
іштей еңіреді. Сонда да бауырын жазып атқа мінді. Ата-бабаның 
жерін таптатпауға, қанға-қан алуға бел байлады.
Қанды шайқас басталды. Қиян-кескі соғыста парсы 
әскері тас талқан болып жеңіліп, ІІ Кирдің өзі майдан даласында 
қаза тапқан. Осы ұрыс жайында грек тарихшысы Геродот: 
«Массагеттердің әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды 
жеңгеннен кейін Кир патшасының басын кесіп алып, қан 
толтырған тұлыпқа салады. Сосын, «өмір бойы аңсағаның қан 
еді, құмарың қанғанша іш» деп тұлыпты дарияға лақтырды, деп 
жазады. Себебі, бұл соғыста Томирис баласынан айырылған 
еді... 
Тойымсыз Кирді жеңген сақтың қызы Тұмар патша 
осылай тарихта қалыпты. Бұл оқиғаны сол заманда өмір сүрген 
тарихшысы Геродот «Тарих» атты кітабында жазып кеткен. 
Онда Томирис деп аталады.
Кезінде халқының тарихында елеулі орын алған, ер-
азаматқа пара-пар еңбегі сіңген қазақ әйелдері аз болмаған.
Айғаным Сарғалдаққызы Уәлиева – XIX ғасырдың 
бірінші жартысындағы қазақ тарихынан айрықша орын алатын 


68 
әйелден шыққан тұңғыш қайраткер. Ол – қазақтың үш жүзін 
біріктіруге бар ақыл-ой, күш-қайратын аямай жұмсаған хан 
Абылайдың ұлы Уәлидің кіші әйелі, Шыңғыстың шешесі, 
Шоқанның әжесі. Ел өмірінде осы ұлы адамдардың біріне жар, 
біріне ана, біріне әже болуымен де айтулы із қалдырғаны сөзсіз. 
Бір адамның басына осыншама қасиеттерді үйіп-төгіп бере 
салған табиғаттың жомарттылығы ғажап!
Алдымен Айғаным дүниеге ұл-қыздарын әкелген әйел 
ана, өз балаларын білімді азамат етіп шығаруға ұмтылған, ұлы 
Шыңғыстан бастап басқа да перзенттерін оқуға орналастырған, 
білім дәрежесіне қарай белгілі қызметке де жайғастырған, 
сондай-ақ немересі Шоқанды оқытуға күш салған, міне осы 
әрекеттерінің бәрі күрескердің ғана қолынан келетін 
қайсарлықтар. Ұлы Шыңғыстың ағартушылық пен ғылым 
жолын қуаттауына да анасының әсер-ықпалы зор болған. 
Төре тұқымында орныққан дағдының бірі – әр адамның 
бірнеше тілді меңгеруі міндетті саналған. Осы ұлағатты ұстау 
Айғаным шаңырағына да ырыс әкелген ғой. Анамыздың қазақ 
және орыс тілдеріне жетіктігіне ешкім таласа алмаған. Бұған 
дәлел қызмет бабындағы ресми хаттар мен түрліше мәліметтер 
беріліп отыратын жазба құжаттардың жүргізілу тәртібі. Сол 
кездегі қазақ даласы ауқымындағы саяси іс-әрекеттер және орыс 
тіліндегі мәлімдемелер де сол кісінің тексеруінен отіп отырған. 
Қазақ тіліндегі іс-қағаздарды оқып, қол қойған соң, мөр басқан. 
Орыс тілдегісінің аудармасын барынша қадағалап, өзі қолдан 
өткерген. Соған қарағанда Айғаным екі тілде сауатты болған. 
Шоқан Уәлиханов пен осы әулеттің өміріне көбірек 
үңілген Ә.Марғұлан, әсіресе, Айғанымға қатысты дүниені қалт 
жібермеген. Ғалым сондай деректерді іріктеп, әбден сала-салаға 
ажыратқан. Қазақ публицистикалық тарихын зерттеуді 
Айғанымнан бастау керек деді. 
Айғаным Сырымбет мекен-жайын салдырған кезде 
төңірегіндегілердің хал-жағдайын да көздеді. Сол арқылы 
әлеуметтік проблемалардың көпшілігін шешуге тырысып бақты. 
Мұнда жер өңдеу мәдениетін игеру ісіндегі сіңірген еңбегі 
қисапсыз, бұл сияқты архивтік құжаттардың аздаған бөлігі 


69 
Шоқанның 5 томдығына енген. Осындай тарихи мәліметтердің 
ішіндегі ең құндылары – Батыс Сібір Бас басқармасының
генерал-губернаторы Вильяминов пен Омбының облыстық 
басшылығының атарына жолдаған қағаздары. Айғаным бұл 
қағазды Тобылға барып қайтқан сапарында 1831 жылы 9 сәуірде 
жазып, жедел жіберген. Хаттың алғашқы жағы саяси 
мәселелерге арналады. Ол кісінің батырлығы мен іскерлігі, 
басшы адамдардан ойындағысын талап ете алатын саяси 
қайраткер екендігі осы хатта ерекше көрінеді.
Айғанымның ақыл-парасатымен хан әулетіне жасаған 
ықпалы, үлгі-өнегесімен, өзіндік дара тұлғалы бейнесімен 
ерекшеленеді. Сол кездегі үлкен мәселелердің бірі қазақтардың 
тұрмысына лайықты заң ережелерін шығарды. Мысалы, 
М.М.Сперанскийдің басқаруымен тұңғыш рет қазақтардың 
солтүстік-шығыс аудандарында «Сібір қырғыздары туралы 
уставтың жобасы» заң ережесі жарық көрді. Жарлықта қазақ 
елінде мектептер ашу, жергілікті халықтың тікелей өзін-өзі 
басқару мен сайлау правосы деген мәселелер қарастырады.
Айғаным 1824 жылы Сырымбет өзінің иелігіндегі жеріне 
өзіне арналған зәулім үй, үйдің жанынан мектеп, медресе, 
мешіт, монша, қонақ үй, диірмен т.б. салдырды. 
Айғаным халықтың оқу-білімге бейімделуіне ерекше 
күш салып, елдің өзін-өзі басқаруын ашық мәселе етіп, халық 
сенімінен шыға білді. Сөйтіп, Сырымбетте ұйымдастырылған 
мектепке ел балаларын оқытып, тәрбиелеуге жол ашты. 
Мектептгі негізгі тұлға мұғалімге деген көзқарасы жоғары 
болып, олардың жан-жақтылығын қатаң талап етті. 
Айғаным Петропавловск қорғанының коменданты, 
генерал-майор С.Б. Броневскиймен тығыз байланыста болып, ол 
туралы «Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды» атты дүние 
жазып, 1830 жылы «Отечественные записки» журналының 
санында жарияланған. Айғаным оқу бағдарламасын өзі бірге 
жасасып, оның барысын қадағалап, басшылық жасап отырды. 
Әбіш Кекілбайұлы Бопай ханымның ел билігіне 
араласқан, Әбілхайыр Ханмен бірге мәслихат-жиын қызған бір 
сәттегі сұлу да көркем бейнесін былай бейнелейді: «Бопай да 


70 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет