Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


  КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет25/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 


47 
КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗДАР 
 
Халқымыздың қазіргідей ұлт ретінде рухани қайта 
өркендеу жағдайында төл тарихымыз бен мәдениетіміздің 
ақтаңдақ беттерін ашып көрсету, оның ішінде қазақ әйелдерінің 
қоғамда алатын орнын айқындау ұлттық тарихымызды, ұлттық 
рухани 
қазынамызды 
игеруге 
мүмкіндік 
тудырады. 
Халқымыздың бар жақсы қасиетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, 
салт-дәстүрін, ұлттық мүддесін қалыптастырушы, дамытушы әрі 
насихаттаушы – қазақ әйелдері. Қазақ қоғамындағы қазақ 
әйелдерінің ұлттық мүддені қалыптастыруда алатын ролі 
ерекше. Қазақ әйелдерінің қазіргі қоғамдағы орны жылдар бойы 
қалыптасты. Қазақ әйелдерінің қоғамдағы ұлттық мүддені 
қалыптастырудағы ролін айқындау үшін, ұлттық мүдде 
мәселесіне қысқаша тоқталайық. 
Ұлттың ұлт ретінде сақталуының, оның мәдениетінің 
ішкі бірлігінің тұтастануының негізгі күші – ұлттық мүдде. 
Себебі, ұлттық мүдде – жалпылама концептуалды мәңгілік 
түсінік және алғашқы. Қарапайым логика бойынша да белгілі 
бір ұлттың қалыптасуы үшін оның бірігуі мен болашағы туралы 
идея керек. Осы алғашқы идея – ұлттың жасампаздығы мен 
өміршеңдігінің көзі, таза ұлттық рухқа айнала отырып, онымен 
мәңгі бірлікте өмір сүретін этникалық атрибут. Ұлттық мүдде 
құрылымдық негізі күрделі – ұлттық сана, ұлттық сезім, 
ұлтжандылық, ұлттық намыс, ұлттың өткені мен болашағын 
тұтас қамтитын жалпылама принцип болып табылатындықтан, 
оның элементтерін зерделеп алуымыз да қажет. Алдымен 
ұлттық мүдде түсініктемелеріне шолу жасасақ А.Айталы 
тұжырымдағандай: «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін 
қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты 
көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік 
дербестігін нығайтады». «Анығында, ұлттық мүдде дегеніміз – 
тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын 
тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, 
келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу». 


48 
Х.Әбжанов өзіндік ойын былайша түйіндейді: «... Түптеп 
келгенде, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы 
тәуелсіздігінің жариялануы – «Қазақ автономиясы» ұлттық 
мүдденің салтанаты». Нақтырақ айтқанда, ұлттық мүдде 
дегеніміз – этнос эволюциясының белгілі бір кезеңіндегі ұлттың 
дамуына қажетті, оның негізгі әрі түпкі мақсаты. Мемлекет пен 
қоғам, этнос пен ұлт алдында қашанда мақсаттар да көп, ал 
бүгінгі таңдағы ұлттық идеяның өзектілігі оны негізгі мақсатқа 
айналдыру болып отыр. Яғни, қазіргі кезеңге арналған негізгі 
мақсат – ұлттық идея мәселесін шешуден бастау алады, осы 
проблеманың нақты практикалық нәтижесі іске асқаннан кейін 
ғана жалпыадамзаттық проблемаға сатылы түрде көтеріле 
бастайды. Мәселен, осы заманғы Қазақстандағы толыққанды 
ұлттық құрылымның нығаймай отырғандығы – мемлекетіміздегі 
ана тілі өз ролін орнықты атқара алмай отырғандығы. 
Шындығында, бәрі де алдымен тілді толық меңгеру арқылы іске 
асатындығын ескерсек, ол да осы негізгі мақсаттардың өзекті 
буыны болып табылады.
Ұлттық мүдде, ұлттық сана, ұлтжандылық, ұлттық 
мәдениет, ұлттық рух т.б. ұғымдарды жетілдіруде қазақ 
әйелдерінің алатын ролі ерекше. Шынайы отансүйгіштік 
сезімінің көрінісі болып табылатын барлық (туған топырағын, 
туған тілін, ғасырлар бойына қалыптасқан ата-баба дәстүрлерін 
сүю, құрметтеу, оларды жалғастыру деген сияқты) бағытта 
қызмет жасаған, насихат жүргізген зиялы қазақ әйелдері аз емес. 
Жаңарған қоғам талабына сай қайта жасалып жатқан 
қазақ педагогика тарихынан қазақ зиялы-қайраткер әйелдерінің 
ұлттық мүддені қалыптастыруда сіңірген еңбегі зор. Қазақтың 
қайраткер әйелі Нәзипа Құлжанованың «Қызыл Қазақстан» 
журналының 1922 жылғы 12-санында жарияланған «Октябрь 
төңкерісі және қазақ әйелі» атты мақаласында: « ...Бұрынғы 
қазақ халқының ешкімге бағынбай өз күнін өзі көріп, кең 
сахарада мал бағып еркін жүрген заманында қазақтың әйелдері 
еркін, қайратты, тіршілік күресінде ерлерге шын жолдас бола 
білген. Қандай қиын-қыстау жерлерде ақыл беріп, айла тапқан 
әйелдер болған. Мал өсіру шаруасының қандай ауыр екені қазақ 


49 
баласына белгілі. Әсіресе, бұрынғы замандарда қиын шаруаның 
ыстық-суығына бірдей төзіп, сол заманның әйелі еркекпен тең 
еңбек еткен. «Алып анадан, ат биеден» деген мақал осы сөздерді 
тірілтсе керек» деп жазуы ерте кезден-ақ қазақ қоғамында әйел-
аналардың беделінің зор болғанын, шаруашылық, отбасы, бала 
тәрбиесінде шешуші роль атқарғанын көрсетеді. 
Қазақ халқының ХХ ғасыр тарихында қайраткерлік 
танытқан қазақ әйелдерінің бірі және бірегейі - Алма 
Дінмұхамедқызы Оразбаева екені аян. А.Д. Оразбаева – 
ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, 
аудармашы және алғашқы жастар ұйымдарын құрудағы қазақ 
қыздарының көсемі. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ 
қайраткер қыздарының рухани ұстазы Алма Дінмұхамедқызы 
Оразбаеваның қоғамдық қызметке тартып тәрбиелеген, соңынан 
ерткен ізбасары Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан 
Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Рахия Ермекова секілді 
алғашқы қарлығаштар еді. Ал, олардың жаңа тұрмысқа баулып, 
сауаттарын ашып, мәдениетке тартқан, білім алып, мамандық 
иесі болуларына ықпал еткен шәкірттері жүздеп, мыңдап 
саналады. Осы тұрғыдан келгенде 20-30 жылдары қазақ 
қыздарының арасынан суырылып шыққан Алма Оразбаева, 
Нағима Арықова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, 
Мәдина Бегалиева, Сара Есова сияқты қайраткерлердің еңбегі 
жүйелі түрде зерттеле беруге тиіс. 
Замана қызы – Алма Оразбаеваның жалынды еңбегі, 
қасіретті қайғылы, мұңлы – ХХ ғасырдың 20-40 жылдарының 
көріні іспетті. Осылай бола тұрса да, Алма Оразбаева өмірінің 
тағлымы мол. Қалай айтсақ та қазақ әйелдерінің арасында 
жүргізілген қоғамдық-саяси жұмыстар қиын да әрі күрделі 
мәселе. Ұлттық сана мен таптық сананың ара-жігін ажыратпай 
жүргізілген «тең құқылық» деген саясат қазақ әйелдерінің 
болмысында елеулі із қалдырды. 
Сонымен қазақ әйелдері арасындағы қоғамдық-саяси 
жұмыстар мен олардың барысы сол кездегі республикада 
орныққан саяси жүйенің мән-мазмұнынан туындап, өз кезінде 
ұйымдастырушылық қабілетімен, ақыл-парасат, білімділігімен 


50 
көзге түскен Алма Оразбаева да жеке тұлғаны қалыптастырды. 
Қоғам қайраткерінің сол кезеңдегі қазақ әйелдерінің арасында 
жүргізілген саяси-әлеуметтік шаралары бүгінгі өмір үшін үлкен 
сабақ. Сондықтан да қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің 
тәжірибелерін зерттеу ісінде Алма Оразбаевадай қайсар рухты 
қазақ қызының жүріп өткен жолы мен еткен ерен еңбектерінен 
тағлым алудың маңызы зор. Тарих сабақтастығы дегеніміз міне 
осы. 
Қазіргі өркениетке ұмтылып отырған Тәуелсіз Қазақстан 
қоғамында ұлттық мүдденің қалыптасып, дамуы жолында зор 
үлес қосқан қазақ әйелдері Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева, 
Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз 
Досжанова, Рахия Ермекова т.б. үлкен тарихи мәні бар жүкті 
мойымай көтере білгендіктері бүгінгі ұрпақ үшін олардың 
ардақты есімдері алдында тағзым етуге тұрарлық. 
Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің ұлттық мүддені 
қалыптастыру 
жолында 
сіңірген 
еңбектерін 
тарихтың 
ашылмаған қатпары ретінде терең зерттеп еңбек жазу тарих 
ғылымына қосылатын тың үлес болатындығын да айта кету жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет