“Өкіл әке” мен “өкіл шеше” рөлдері де ел ішінде
бүгінге дейін сақталған. Төркіні алыс қыз, кәсіп іздеп келген
кірме жігіт немесе туған-туысы жоқ жетім-жесірге қазақтың
бауырмалдығы мен қайырымдылығы туысқандықтың осындай
бір жасанды жолын қарастырады. “...өкіл ағайын болғандар
туған әке, туған баладан кем қатынаста болмаған. Өкіл
ағайындардың бір рудан болмағы міндетті емес. Кез келген
жарлы-жақыбайға, жетім-жесірге өкіл әке болады да өкіл
баласының өз қолы өз аузына жеткенше қамқорлығына алады.
Өкіл ағайындардың балалары бір-біріне үйленуге болмайды.
“Әкемнің өкіл баласы еді” деп Сисембей деген кісіні әкем өмір
бойы қатты құрмет тұтып өтіп еді”, - дейді белгілі сәулетші
С.Назарбекұлы. Қазақ отбасындағы әлеуметтік рөлдер мен
этноәлеуметтік рөлдердің өз қызметін дұрыс атқаруы өзара
туысқандық қарым-қатынастарды нығайтып, әулет ішінде, ру
мен ел ішінде, жұртшылық қауым мен қоғамның ынтымағына,
этномәдени ерекшелік пен ұлт тұтастығына мүмкіндік береді.
Ер бала өз үйінде ата-анасына – ұл, ата-әжесіне –
немере, сырт көз-әлеуметке балиғат жасында – бозбала, кәмелеттік жасында – жігіт, өзінен үлкендерге – іні, кішілерге –
аға, нағашыларға – жиен, қыздың балалары өзара – бөле, жеңгелерге – қайны, келіндерге – қайын аға, жезделерге –
балдыз, құда-жекжатқа – құда бала, қалыңдық қасында – күйеу жігіт, қайын-жұртындағы келіншегінен үлкендердің бәріне –
күйеу бала, қайын-жұрттағы келіншегінен кішілерге – жезде,
қайын-жұртының күйеу балаларына – бажа, әйеліне – күйеу,
балалы болған соң – әке, қыз ұзатып, келін түсірсе – қайын ата, құда-жекжатқа – құда, немерелі болса – ата, жиеніне – нағашы ата, шөберелі болса – үлкен ата болып әлеуметтік және
этноәлеуметтік рөлдерді атқарады.
142
Қыз бала өз үйінде ата-анасына – қыз, ата-әжесіне –