Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет65/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 
4-тапсырма 
Келіннің төркінін менсінбей, өзін, өзінің шыққан тегін мақтап, 
мақтанып отыратын енелер бар. Жетістіктері бар бауырларын, іс 


155 
бітірер туысқандарын айтып мақтанады. Өзінің осы әулетті 
өсіріп-өндіргені, тегінің мықтылығы арқасы екендігін айтып 
отырудан жалықтайды. Сөз арасында келін жақтың осалдығын 
да түйреп өтеді.

Осындай енемен ұрыспай-керіспей өмір сүруге бола ма? 

Олқылықтың орнын қалай толықтырасыз? 

Ене мінезін жақсартуға қандай үлес қоса аласыз? 
Қорытынды тұжырым: 
Кемшіліксіз адам болмайды. Өмірдің қиын сәттері – әрі сынақ, 
әрі сабақ. 
Ұрыса кету, жылай салу – әлсіздің ісі. Ақылың болса, ақылға 
жүгінген дұрыс.
Өмірдің қиындығынан қашсаң, азабы дайын тұрады. 
Отбасындағы ұрыс абыройдан айырады.
Отбасындағы ене есті болса, келіні кемеңгер болады. 
Пікірлерді бағалау: 

Пікірдің топқа немесе жеке тұлғаға қатыстылығы

Айқын ұстаным (тақырыпты ашуға); 

Нақты мысалдар келтіруі; 

Шынайылығы; 

Нақты ұсыныстары. 
Диллема 
КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ 
Оңтүстіктің бір қызы Жетісу жеріне келін болып түсті. 
Беташар өтіп, жас келін үйде жалғыз қалған алғашқы күндердің 
бірі еді. Келін танымайтын, бұрын мүлде көрмеген бір жігіт үйге 
келіп кірді. Өз күйеуінен үлкендеу болып көрінген соң, 
қайынағаларының бірі болар деп жас келін дереу иіліп сәлем 
берді. Жігіт сәлем алмастан сәл тұрып қалды да кері бұрылып 
үйден шығып кетті.
Жас келін болған жағдайға ыңғайсызданып, не істерін 
білмеді. Сәлем бермеуі керек пе еді? Енді келсе кешірім сұрай 
ма әлде мүлде келмесе ше? 
 
Қалай ойлайсыз, келіндікі бұрыс па, жігіттікі бұрыс па? 


156 
...Осылай әрі-сәрі күйде жүргенде, 20 минуттай өткен соң, 
әлгі жігіт қолында гүлі мен торты бар үйге қайта кірді. Күліп 
тұрып: «Өмірімде маған бірінші рет ерекше сәлем бергені үшін 
қатты толқып кеттім. Мынау Сізге деген сыйым!» - деп, гүлі мен 
тортын келінге ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет