Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет9/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. «Ар» ұғымы қандай қандай ұғымдармен қатар аталады 
және ол ұғымдардың мәнін ашыңыз? 
2. «Ару» ұғымына «ар» ұғымының негіз болар себебі неде? 
3. Қарастырылған ұғымдарға өз түсінігіңіз бойынша дербес 
анықтама беріңіз. 


17 
ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНЕ 
ДЕЙІН ТАРИХТАҒЫ АРУЛАРҒА ТӘН ТӘРБИЕ БЕРУ 
МӘСЕЛЕСІ 
Әр заманның өзіне тән ұрпақ тәрбиелеу мүмкіндігі болды. 
Оны ешкім жоққа шығармақ емес. Әркім өз баласына жеке 
тәрбие беруі отбасында орын алғанымен, халық болып 
қалыптасқан ділінде ұрпақ қамын көп болып ойлау және соған 
әрекет ету болды. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден 
тыю» қағидасы тегіннен тегін шықпағаны белгілі. Аузы дуалы 
абыз, сөзі өтімді шешен, данышпан-даналардың өзі әрқайсысы 
бір-бір мектеп рөлін атқарды. Тыңдаған жан сөзін өміріне, 
тәрбиеге үлгі етті. Сол сияқты заманында тағылымды ойымен 
артына із қалдырған тарихта өткен «дала педагогтарының» 
мұраларына ғылыми шолу жасағанды жөн көрдік.  
Орта ғасырда қазақ жерінде тайпалық, рулық дәуір болды. 
Ежелгі түркі жазба ескерткіштері – қазақ тарихына да ортақ 
түркі қағанаты билік құрған дәуірінен қалған тағылымды, 
тарихи мұра. Шамамен ҮІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген 
Йолық тегін – тас жазбалардың авторы (бір зерттеулерде Білге 
қағанның ұлы, екінші бір зерттеулерде туысқаны делінген). 
Күллі түркі елінің бас қағаны болып тарихта қалған Білге 
қағанның ықпалымен тасқа қашап жазылып, Күлтегіннің 
құрметіне қойылған ескерткіш. Йолық тегін түркілер тарихын 
олардың саяси майданға шыққан кезі – ҮІ ғасыр ортасынан 
бастайды, яғни түркі қағанатын құрған заманнан бергі 200 
жылдық тарихты ескерткішке сыйдырады. Орхон-Енисей 
жазбалары – «Күлтегін» ескерткіші мазмұны жағынан екі 
бөлімге саяды. Бірінші бөлімі: түркі халқының тарихы жайында 


18 
болса, екінші бөлім: мемлекет тарихының негізгі бөлімі – 
халыққа бағышталған өсиет іспеттес. Тас жазулардағы халықты 
ел қорғау мен жер қорғауға, адами жақсы мінез-құлық, 
әрекеттерге баулу тарапынан айтылған сөздердің тағылымдық-
танымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Тастағы жазуларда тарихта аты қалған Білге, Күлтегін, 
Тоныкөк сықылды батырлардың ерлігі баяндалады. Осы 
батырлардың арқасында Түрік қағанаты халықтың отбасына 
бірігуіне мүмкіндік жасады, отбасылық қарым-қатынас реттелді, 
ел тұрмысы түзелді дегенді суреттейді: 
Ол кезде құл – құлды болған еді, Күң – күңді болған еді. Інісі 
ағасын білмес еді, Ұлы әкесін білмес еді. Білге қаған өзі туралы 
баяндай келіп, әке-шешесі Елтеріс қаған пен Елбілге туралы 
«әкем қағанды, шешем қатынды» деп атайды. Бұл сол кездегі 
лауазымды атаулар. Қаған – хан ретіндегі ел басқарушы болса, 
қатын (хатұн) – қағанның әйелдеріне берілетін дәреже болса 
керек. Тағы бір ескерерлік жайт отбасындағы әйелдердің өз 
атаулары яғни өз рөлдері болғандығын байқаймыз: 
Шешем – қатын, (онан) соңғы аналар, Жеңгелерім, 
келіндерім, ханымдар... Сондай-ақ, «ата-тек» ұғымы да сол 
кезде болғандығынан, «Адам баласы үстіне (билік жүргізу 
үшін) ата-тегім Бумын қаған, Істеми қаған отырған» деген 
жолдардан байқаймыз. 
Ел тәуелсіздігі жолындағы күресте жеңіліс табуын 
отбасында әке мен ағаның берген тағылымын, ерлігін, өсиетін 
орындамағандықтан көретіндігі жырда анық жазылған: 
«Соңындағы інісі ағасындай болмады. Ұлдары әкесіндей 
болмады», деген жолдар бар. Отбасындағы қарым-қатынастың 
мемлекетке ықпалының тікелей екендігін «...Інілі-ағалының 
дауласқандығынан, ... түркі халқы елдігін жойды, қағандығынан 
айырылды» - деп, күйзеле баяндайды. Қазақ үшін намысқа 
тиюдің үлкені – оң жақта әлпештеп отырған қызының жау 
қолында кетуі, өмірін жалғастыратын ұлдың жатқа құл ретінде 
бодан болуының отбасына үлкен қайғы әкелетіндігіне 
қиналғандығын жырда: «Тауғаш халқына бек ұлдары құл болды, 
пәк қыздары күң болды», - деп қалдырған. Демек, отбасында 


19 
ардақтап, қыз баланы пәк күйінде сақтау, оның күңдікке емес, 
еркін де бақытты өмірге лайықты екендігін айқын аңғартады. 
«Менің ағам мені адам етті...» деп-ақ туысқандық сыйластық, 
қарым-қатынас, үлкенді тыңдаудың отбасында, әулетте 
қалыптасқанын, ағаның рөлінің жоғары екендігін байқатады. 
Тәңірлік дінге иланушы халықтың атынан Білге қаған өз 
жұртына өсиет айтады: «Тағдырды тәңірі жасар, Адам баласы 
өлу үшін туады... Егер сен, түркі халқы өз қағаныңнан, өз 
бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен 
өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда еш нәрседен 
мұқтаждық көрмейсің...». «Отан отбасынан басталады» деген 
бүгінгі қағидамыздың бастауын көрсетіп тұрғандай.
Отбасында мұқтаждық көрмеу, ұл-қызыңның жат қолында 
қор болмауы, ата-ана сыйлап, үлкеннен өнеге алып, өз 
халқыңмен бірге туған Отан аясында болу, бақытты ғұмыр кешу 
– қай заманда да адамзаттың басты арманы. Жырдан осындай 
гуманизмге өмірін арнаған батырлардың тарихи өсиетіне қанық 
боламыз. «Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай. Жұқа 
қалыңдаса, оны тек алып бүктейді. Жіңішке жуандаса, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет