Реферат тақырыбы: Қазақ халқының батырлары



бет1/9
Дата01.05.2023
өлшемі107 Kb.
#88615
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат Қазақ хандығының батырлары2


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ халқының батырлары

Орындаған: Қабдылов Д.Қ

Мазмұны

Кіріспе бөлім




Негізгі бөлім




1

Қазақ хандығының батырлары




2

Ұлы отан соғысындағы қазақ батырлары




Қорытынды бөлім




Қолданылған әдебиеттер тізімі






Кіріспе

Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар.


Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым келсек, тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін баға беріп отырған. Қазақ тарихының әр кезеңдерінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы, дипломат болған немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған.
Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастау алған батырлық үрдісі өз жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа тарады. Қазақ жерінің бір сүйемі де осы батырларының арқасында жаудың қолында кетпеді. Ел аузында жүрген, жыраулардың жыр-дастаны арқылы бүгінгі күнге дейін жеткен «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Ер Тарғын», «Күлтегін», «Қырымның қырық батыры», жыр алыбы Жамбылдың «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», Қ.Бекхожиннің «Науан батыр» дастандары батырлар жайында айтылған. Жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы халықтың нанымындағы батырдың тұлғасын бейнелейді.
Талай жаугершілікті бастан кешіріп, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай, бертін келе ұлт азаттығы үшін күрескен Исатай Махамбет, Сырым, Амангелді сынды ақберендердің есімдері айрықша жарқырап көрінеді. Ел есінде қазақ хандығы батырлары мен қатар, Ұлы Отан соғысында қазақтан шыққан ержүрек қолбасшы батырларымыздың ерлігі де ерең. Ол батырларымыз қатарында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы да басқа. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет