Оқыту қазақ тілінде емес
3 сынып СОР қазақ тілі орыс сыныбы
11 4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тапсырма Тыңдалым1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Жаралы құс Ажар жаралы құсты көріп, үйге алып келді. Жарасына йод жағып, байлап қойды. Құсты қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Бірнеше күннен кейін құс үйдің ішінде ұша бастады. Ажар құсты далаға алып шықты. Құс ұшып кетті. Ажар оған ұзақ қарап тұрды. Ол қуанды. Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5). Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.
[4] Балл қою кестесі
Айтылым2. Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.Тірек сөздерді пайдалан. Тірек сөздер: жаралы құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа ұшып кетті, қуанды Жоспар: Жаралы құс Ажардың қамқорлығы Қуаныш • Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен? [4] Балл қою кестесі
Оқылым3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Атасы мен немересі Саматтың атасы қартайды. Оның аяғы ауырды. Көзі де дұрыс көрмейді. Самат атасына көмектеседі. Атасын далаға ертіп шығады. Қолына су құяды. Сүлгісін әпереді. Атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғыс айтады. Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір. Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле (). [4]
Жазылым4. Сөздерге «ы», «і» әріптерінің тиістісін қосып, сөзді өзгертіп жаз. Аяқ - ____________________ ___ Төсек - _______________ __________ • Кез келген сөзбен бір сөйлем құрастырып жаз. ___________________________________________________________________________ [4] Балл қою кестесі
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. 6. Модерация және балл қою Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет. 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
жүктеу/скачать 1,25 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |