Оқыту қазақ тілінде емес


-тапсырма 20 минут Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында



бет6/24
Дата03.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#47240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
1-тапсырма

20 минут

Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Менің атым – Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті -қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепке барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8 -де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын. Сағат 10 -да ұйықтаймын.

  • Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().


Ол үшінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында киноға барады. Ол өзінің уақыт кестесін жасады.

  • Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.

    1. Айдар таңертең сағат нешеде тұрады? ________________

    2. Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды? ________________

2-тапсырма
Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле.
Тірек сөздер:
Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын
анықтайды

1

мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды; 1-сөйлем
2-сөйлем

1
1

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ
2-сұрақ

1
1

Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді

2

тақырыпқа сәйкес ойын айтады;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет