Менің атым – Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті -қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепке барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын. Сағат 10 -да ұйықтаймын.
Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().
Ол үшінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында киноға барады. Ол өзінің уақыт кестесін жасады.
Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
Айдар таңертең сағат нешеде тұрады? ________________
Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды? ________________
2-тапсырма Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле. Тірек сөздер: Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.