Келесі кезең – тыңдалым және тапсырмаларды орындау (тыңдалым жұмысы). Мұғалім алдын ала оқушылардың назарын мұқият тыңдауға аударады. Ол үшін оқушылар мәтінді не үшін, қандай мақсатпен тыңдау керектігін білуі тиіс. Бұл әсіресе, ақпаратты есту каналы негізінде қабылдамайтын оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, жұмысты орындау тапсырма мен тыңдалым мақсатына: мәтіннен керекті ақпаратты алу, қандай да бір проблемаға сөйлеушінің көзқарасын анықтаумен байланысты болады.
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс кезеңінде тыңдалған аудио/бейне материал негізінде «Бес минуттық эссе» жаздыртуға, монолог дайындау, диалогқа қатысу т.б. жұмыс түрлерін жоспарлауға болады
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ 5- сынып. Отбасындағы дәстүр мен мерекелер Оқу мақсаты: 5.1.1.1 - тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;
5.1.3.1 - күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Тыңдалым алды тапсырмасы Тірек сөздермен жұмыс жасалады. Оқушыларға тақырыпты болжау суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады. Оқушылар тірек сөздер және суреттер арқылы болжау тақырыпты болжайды. Оқушылардың болжамдары тақтаға жазылады.
Тыңдалым тапсырмасы Оқушылар отбасындағы дәстүрлер мен меркелер тақырыбына байланысты мәтінді тыңдап, негізгі ақпаратты тірек сөздер арқылы анықтайды.
Тірек сөздер: сыйластық, адамгершілік, ар-ұят,мәдениеттілік,дәстүр, өнеге, қамқоршы, ер жету, тәрбиелеу, басты талап, қалыптасады. «Сөздік гол» кестесі толтырылады.
Сөз
Анықтама
Сөйлем
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Талқылау сұрақтары ұсынылады. Мысалы: «Отбасы – шағын мемлекет» деген ойды қалай түсінесіздер? «Ата-ана балаға өнеге» деген пікірмен келісесіздер ме?
Оқушылар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алады, өмірмен байланыстыра отырып, жауап береді
Мәтін тақырыпқа және оқушы жасына сай таңдалуы қажет.
Оқушыларға ой шақыру үшін тақырып туралы сұрақтар қойылады.
Мәтінді тыңдар алдында оқушылар алдымен мәтінге арналған тапсырманы және сұрақтарды оқып, талқылаулары қажет. Таныс емес сөздер түсіндірілуі керек.
Тыңдалым мәтіні кемінде екі рет тыңдалуы керек:
а) Жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін. Сұрағы: мәтін не туралы?
ә) Нақты ақпараттарды табу үшін. Сұрақтары: Кім? Не? Қашан? Қайда? Қанша? (нақты фактілерді талап ететін сұрақтар).