а) Тексерудің ең жоғарғы түрі есеп-емтихан. Есеп курстың белгілі бір тарауы немесе тақырыбы бойынша оқушының атқарған жұмысының бүкіл өн бойында ұстаз қолданған тексерудің барлық түрлері ескеріле отырып қойылады. Егер оқушы бірнеше дүркін ауызша жауап беріп, баяндама немесе хабарлама жасап, семинарларға белсене қатынасып, жазбаша жұмыстарды қанағаттанарлық орындап отырса, ұстаз сол тақырып есеп қояды.Егер де ұстаз шәкірттің біліміне күдіктенсе сол тақырып немесе тарау бойынша шәкірттің білімін тесереді. Бұл әдіс те баланың біліміне диагноз қоюдың жолы. Оқушының білімін текскріп, диагностика қоюдың тағы бір жолы-емтихан. Емтихан шәкірттердің білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы болып табылады, ол сонымен бірге әр ұстаздың және тұтас алғанда бікіл мектептің жұмысына мемлекеттік бақылау құралы қызметін атқарады.
Оқыту әдістерінің үшінші бөлімінде оқыту білімді оқу-шығармашылық арқылы ұйымдастыру кезеңі жатады. Олар: өз бетінше ізденіс, шығармашылық, сын, пікір білдіру.
а) Өз бетінше ізденіске әрбір оқушы бірден кірісіп кете алмайды. Оған ұстаздың көмегі қажет. Ұстаз шәкірттің білімге деген құштарлығын бақылап сол пән, тақырып, прблема бйынша кеңес беріп, керекті әдебиеттерді, ақпарат құралдарын, білім көздерін тауып оқуға, алған білімін сараптауға бағыт-бағдар береді. Қысқасы ұстаз нұсқау бере отырып шәкірттің қосымша алған білімінің даму бағытын қадағалайды.
б) Шығармашылық орындау әдісіне ұстаз шәкірттің шығармашылық қызметтестігі жатады. Бұл өнер арқылы іске асады. Ұстаз шәкіртке қоршаған ортаның, табиғаттың, өнер салаларының көркемдігін түсіндіріп, шәкіртті сол әсемдік көркемдікті өз бетінше игеруге итермелейді. Әдеби шығарма жазу, әдеби шығармаларды, ән-күйді орындау, сурет салу т.б. іс-әрекет-шығармашылық орындау әдісі. Бұл көп жағдайда эстетикалық тәрбиеге жақын. Эстетиканы әр пәннен, өздігінен орындаушылық қызметтерден табуға болады. Өлең айту, мәнерлеп оқу, театрға құштарлық, сахнаға шығып өзінің орындаушылық шеберлігін көрсету, әсемдікке құмарлық-шығармашылық орындау әдісі.
Оқыту процесі барысындағы оқу-сын әдісін қолдануға болады. Ол үшін ұстаз бен шәкірт қызметтес деңгейіне көтерілуі керек. Сонда ғана ұстаз өз шәкірттерімен істелген істің нәтижесін талқыға салып сын-ескертпе жасай алады. Сын-ескертпені тек ұстаз жасамайды, оған шәкірттер де араласады. Бұл әдістің мақсаты істелінген істің жақсы-жаман жақтарына талдау жасап, кемшіліктен қорытынды шығарады, жетістіктерді насихаттайды. Сын-ескертпе ауызша болуы мүмкін немесе оған жазбаша пікір де жатады.
Сонымен оқыту әдістерін талдай отырып мынандай қорытындылар шығаруға болады:
Б.И.Лихачев көрсеткен оқыту әдістерінің үш кезеңдері де (білімді игеру, игерген білімді қолдану, шығармашылық әрекет арқылы білімді меңгеру) өзара байланысын оқыту процесін байытады.
- жоғарыда көрсетілген оқыту әдістерінің әр пән, тақырып бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе бұл ерекшеліктер еңбек, өнер, дене шынықтыру арқылы айқындала түседі.
- оқыту әдістері ұстаз бен шәкірт қызметтестік танытып көрнекті, техникалық құралдарды қолданса, әдіс өз деңгейіне көтеріледі.
- оқыту әдістерін тиімді пайдалану ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, шәкірттердің ықыласына, оқуға деген қызығушылығына да байланысты.
- Б.Т.Лихачевтің оқыту әдістеріне берген классификация (топтап-жұптауы) басқа классификацияларға қарағанда жаңа және толық.
Сонымен осы классификацияға сәйкес оқыту әдістері мазмұны жағынан алуан түрлі материалды меңгеруде оқушылар іске асыратын танымдық қызметтің сипатымен және осы әр түрлі қызметті ұйымдастыратын мұғалім қызметінің сипатымен ерекшелінеді.
Оқытудың қызметтік әдісі - оқу ісін білім мен дағдыны игерілетіндей оқушының тұлғалық дамуымен бірлестікте ұйымдастыратын мұғалімнің өз қызметінде ұстанған оқыту әдістері түсіндіріледі. Егер әдістерді классификациялаудың негізі ретінде оқытудың мақсаты мен мазмұнын анықтайтын дидактикалық міндеттер алынса, онда әдістерді түсіндіру, өңдеу және бақылау әдістеріне бөлуге болады. Түсіндіру әдістері, өз кезегінде, репродуктивті (дайын білімді хабарлау) және продуктивті (проблемалық мазмұндау және дедукциялық тұжырым) болуы мүмкін. Жаттыға игеру әдістері жаттығулардың көмегімен, жаттау арқылы және кезең-кезеңге бөліп жаттыға игерумен сипатталады.
Оқыту әдістерінің басқа да классификациясы бар. Бұл мәселеге қатысты көптеген әдістердің көптігін зерттелетін обьектінің күрделілігімен және қоғамның қазіргі мектептердің алдына қойған міндеттерінің маңыздылығымен түсіндіруге болады.
Оқыту әдістерін классификациялаудың барлық әдістерін бағалай отырып, көптеген дидактер мен әдіскерлердің оқыту процестеріне ақпараттық әдістерді және солармен қатар басқа да адам ақыл-ойының “терең қайнарына бойлай алатын” әдістерді пайдалану жолындағы ізденістері мен ұсыныстарын бүгінгі таңда дұрыс әрі өзекті деп санау қажеттігін атап айтуымыз керек. Бұл ізденістер мыналарға бағытталған: а)енжар білімдердің қызметін ынталандыру, оларды белсенді түрге қайта өзгерту; б) жаңа білімді игеруге, оларды практикада қолдануға мүмкіндік туғызу.
Педагогика ғылымында мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін оқытып-үйрету мен қорытудың негізінде нақты жағдайлардың әр түрлі сабақтастығына және оқу процесінің өту жағдайына байланысты оқыту әдістерін таңдаудың белгілі бір тәсілдері қалыптасып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |