Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру


Оқыту әдістерін таңдау мыналарға байланысты



бет17/23
Дата06.01.2022
өлшемі273 Kb.
#13647
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Оқыту әдістерін таңдау мыналарға байланысты:

- білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына, оқушылардың және осы заманғы басты талаптардың дамуына;

- нақты оқу пәнін оқытудың және оның жалпы дидактикалық әдістерге қойылатын талаптарының өзіндік өзгешеліктерін айқындайтын әдістемелердің ерекшеліктеріне;

- нақты сабақ материалдарының мақсатына, міндеттеріне және мазмұнына;

- материалды оқуға бөлінген уақытқа;

-оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындық деңгейіне (білімділігіне, тәрбиелігіне, дамуына);

- оқу орнының жабдықталуына, жабдықтардың, көрнекі құралдардың, техникалық құралдардың қолда болуына;

- мұғалімнің мүмкіндіктері мен қабілетіне, теориялық және практикалық даярлық деңгейіне, оның жеке сипатарына.

Аталған жағдаяттар мен шарттар кешенін пайдалану кезінде мұғалім белгілі бір сөздік, көрнекі немесе практикалық әдістерді, өз бетінше жұмысты басқарудың репродуктивті немесе ізденістік әдістерін, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін таңдау туралы бірқатар дәйекті шешімдер қабылдайды.

Оқу процесіндегі әдістердің маңызын ұлы физиолог И.П.Павловтың сөзімен көрсетуге болады, ол:”…Жақсы әдіспен өте талантты емес адам да көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді,”-деген болатын.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып, қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі дидактикада (оқыту теориÿсында) оқыту әдістерін топтастырудың қалыптасқан бірыңғай жүйесі жоқ. Бұл мәселе туралы әртүрлі көзқарастар бар. Оқыту әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек. Білім алудың көзіне қарай, оқытудың мақсаттарына қарай, сондай-ақ оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай т.б. белгілерге қарай әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.

Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, оқытушы мен оқушылардың таным әрекеті бірлесіп жасайтын сипатта болғаны жөн. Осыған орай проôессор Н.А.Кузьминаның ұсынған оқытушы мен оқушылардың өзара біріккен біртұтас әрекетінің құрамдық моделін пайдалану – оқыту әдістерінің тиімділігін арттырады. Бұл модель – оқытушы мен оқушылардың бірігіп жасайтын бес түрлі әрекетінен (біліктерден) құралады: 1) гностикалық (танымдық); 2) проектілеу (болжамдау); 3) конструктиАтік (жаңа міндеттерді қоþ мен шешу); 4) коммуникатиАтік (қарым-қатынас жасау); 5) ұйымдастырушылық білік. Бұдан шығатын қорытынды : оқыту әдістері – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуға тиісті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет