2. 2. Мектеп математикасын оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың тәжірибесі
Қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстан туындай отырған тәжірибе жұмысының мазмұны, 1997-98 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынының мақсаты мен міндеті, мазмұны мен құрылымы, әдістемелік аппараты мен ерекшелігіне орай анықталды. Мәселен, математика оқулықтарының ең басты ерекшелігі - дамыта оқытудың мүмкін технологияларының бір нұсқасының оқулықтың өзінде жасалып берілген. Демек онда келтірілген әр алуан және әр түрлі деңгейдегі жаттығулар (яғни түсіндірме мәтіндер, сюжеттік суреттер, тапсырмалар) сабақта қарастырылуы тиіс. Соның барысында оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті ұйымдастырылады.
Демек, зерделеніп отырған оқытудың сөздік әдістерін қолдану сияқты құбылыстың механизмі мен түрі оқушы мен мұғалімнің сабақ барысындағы нақты оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекеттерін сұрыптау және іріктеу сияқты мәселеге қатысты анықталуы тиіс. Ал оқытудың сөздік әдістерін қолданудың ықпалдылығы мен тиімділігінің критерийі ретінде оқушының өзіндік іс-әрекетінің басым болуын алған жөн.
Сондықтан әр сабақта мұғалімнің оқушылармен жалпылама жұмысын жеке оқушымен жұмысын, оқушылардың өзіндік жұмысын табиғи ұштастыратын және үйлестіретін оқытудың сөздік әдістері қолданылуы керек. Осындай іс-әрекеттер ұйымдастырудың алғы шарттарын және обьективті жағдайларын қазіргі оқулықтардың өздері жасай беріп отыр. ´йткені оқулықтың құрылымы жекелеген сабақтарға лайықталған және тақырып немесе тарау бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне бейімделген. °р сабақта қарастырылатын жаттығулардың тұжырымдалуының өзі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді және оларға қосымша ретінде келтіретін ұсыныстар мен сұрақтар іс-әрекетін алгоритмін көрсетіп береді. Демек, мұғалім әрдайым ұжымдық-үлестірмелі іс-әрекетті, оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға мәжбүр болады. Ал, осындай іс-әрекеттер ұйымдастыруға тиімді тәсіл ретінде әңгімелесу (беседа), проблемалы баяндау, эвристикалық әңгімелеу әдістерін атар едік.
Математика сабақтарында осы аталған әдістерді қолдану - педагогикалық тәжірибенің мазмұнын құрады. Ал оның нәтижелері ретінде қарапайым деңгейде болсын оқушылардың өзіндік жұмыс орындауға қатысты білік пен дағдыларын қалыптастыруды алдық. Әрине сөздік әдістер қатарына жата қоймайтын басқа да әдістерді педагогикалық тәжірибеде қолдануға тура келеді. Дегенмен олардың барлығынын сөздік әдістен табиғи ұштасуын және үйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлдік.
Педагогикалық тәжірибе жалпы мектептің барлық сыныбында жүргізілгендіктен сол әр сынып оқушыларының күн ілгерлеген сайын игерілетін пәндік білім, білік және дағдылары көлемінің ұлғая түсуін және сөздік әдістерді қолдануға олардың бейімделу деңгейін, сондай-ақ өзіндік іс-әрекет орындауға машықтана түсу қарқынын негізгі көрсеткіш ретінде алдық.
Педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен міндетіне орай жүргізілген математика сабақтарында, оны кезеңдерге бөлмей (мәселен дәстүрлі үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды баяндау немесе түсіндіру, жаңа материалды тиянақтау және бекіту, білімді тексеру т.б) нақты оқу-тәрбие міндеттерінің (білімділік, тәрбиелік және дамытушылық) шешілу мезеттерін (момент) саралап, сәйкес сөздік әдістерді сұрыптай алдық. Сонда жеке әдістің немесе олардың топтарының да қолданылуы мүмкін. Бұл қазіргі кезде дамыта оқытуға бейімделген аралас сабақтар жайындағы жаңа көзқарасты сипаттайды. Өйткені, сонда ғана оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруға және дамытуға болады. Педагогикалық тәжірибенің мазмұнын ашатын және нәтижесін сипаттайтын бірнеше сабақты мысал ретінде қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |