б) Өзара оқу немесе бірігіп оқу әдісі үй тапсырмаларын орындауда қолданылады. Балалар бірінің білмегенін бірі үйретеді. Оқушылар мұнда қосымша ақпарат алады, еркін пікір алмасады, бір-бірінің білімін тексереді, бағалайды, ұстаздық қызмет атқарады. Өзара оқу немесе бірігіп оқуда екі бала, немесе топ бала болып өткізуі мүмкін.
в) Тірек конспектісі. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналымен байланысты. Бұл оқушылардың сабақ оқуына көп көмек етеді. Тірек конспектісін пайдалана отырып, бала сабақтың мазмұнын айтып беруіне мүмкіндік болады. Тірек конспектісінде әр түрлі символиканы, белгілерді, даталарды, бейнелерді, қысқартылған сөздерді, әріптерді пайдаланады. Тірек конспектісі, немесе тірек сигналы бұрынғы оқушылардың астыртын қолданып жүрген шпаргалка тәріздес. Айырмасы тек тірек конспектісін немесе тірек сигналын оқушы ашық пайдалануына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |