Зерттеудің мақсаты:
Математикалық ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен мән-мағынасына орай оқыту әдістерін тиімді қолданудың жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
Оқыту әдістерін саралау және олардың ерекшеліктері мен мәнді белгілерін айқындау мәселесіне шолу жасау.
Ұғымдарды және іс-әрекет тәсілдерін оқытып үйретуде қолданылатын әдістерді іріктеу.
Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың критерийлерін жасау.
Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың әдістемесін сынақтан өткізу және оның нәтижелері.
Ғылыми болжамы: оқу материалының түрі мен мазмұнына және оқыту әдістерінің үйлесімділігі критерийлеріне орай іріктелген олардың түрлерін қолдану білім, білік және дағдылардың сапасын арттырады, өйткені осылай болғанда ғана оқу-танымдық процесті ұйымдастыру барысында мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |