е) Өзінше жұмыс немесе кітаппен жұмыс. Оқушылар оқулықтар, оқу құралдарымен, кітаптармен, компьютермен өзінше жұмыс істейді. Бұл әдіс оқушыны мұғаліммен болашақ сабақты өтуіне дайындайды. Өзінше жұмыстың негізгі мақсаты оқулық, оқу құралдары, ақпарат, анықтама, құжат, компьютер т.б. пайдалана отырып оқушы өзіне тақырыпқа лайықты керекті материалдарды, фактілерді, қорытынды ойларды жинақтайды, жазып алады, келесі сабаққа пайдаланады. Өзінше оқу арқылы шәкірт үзіліссіз білімін жалғастырады. Ұстаз оқушыларды өзінше жұмыс істеуге үйретуі тиіс. Ол үшін тапсырма беріп, қандай кітаптарды пайдалану керектігі айтылады. Сонда ғана оқушы ықыласпен оқиды, ақыл-ойын жұмылдырады. Оқушының өзінше жұмыс істеу әдісі білімді қабылдау-түсіну кезіңінің жоғарғы сатысы. Бұл білім алудың екінші кезеңіне көшуге мүмкіндік береді. Кітаппен жұмыс жасауға жоспар құру, тезистер, конспектілер жазу, тұтас оқу, кітапты зерттеу, ішінара пайдалану жатады.
Оқыту әдістерінің екінші кезеңіне білімді түсініп игеру және оны қолдану жатады. Олар: а) білімді елестету, еске түсіру, проблемалық ситуация, оқулық сұхбат, оқулық және лабораториялық ізденіс арқылы игеру; б) білімді жаттығу, өзара оқу, тірек конспектісі, еркін ақпарат арқылы бекіту; в) білімді игеруге, бекітуге диагностика қою арқылы меңгеру. Оған кері жауап алу, сұрақ-жауап, есеп, емтихан, тест, бақылау жұмысы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |