Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей



бет22/30
Дата07.02.2022
өлшемі3,21 Mb.
#24974
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
БС БИЛЕТЫ (копия)

3. Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады. Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар.Бірыңғай топтық жұмыс.Сараланған топтық жұмыс. Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің мүшесі.
Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Оқушыларды топқа бөледі.. Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді. Топтық жұмысты бақылайды.Олардың іс әрекетін белсендіреді.Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.Топтық жұмысқа қорытынды шығарады. Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.

Бірінші сабақтарда топтық жұмыс оқушылар тәжірибесінде жиі болмағандықтан олардың қиналысы көзге айқын көрінді. Осы кезде мұғалімнің көмегі керек болды. Мұғалім әрбір тапсырмаларға түсінік бере отырып жұмысқа ынталандырды.


Бақылау төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылды.
- Оқушы топ ережесін біледі ме?Сабақта еркіндік, ынтымақтастық аспектісі сақталды ма?
- Топ тапсырмалары оқушының сыни тұрғыдан ойлауына әсер етті ме?Топта оқушының белсенділігі көрініс берді ме?Қандай оқушылар белсенділігі жоғары болды? Мұғалім сабақ үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру үшін қандай әдіс тәсілді тиімді қолдана алды.
14-билет

1)Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.

2)ИНСЕРТ әдісі және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

3)Жек тапсырма үлгісін дайындау және оны ұйымдастырып өткізу әдістемесі туралы жаз

1)• Lesson study-ді оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту және жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін;
• Lesson study үдерісінде әріптестерді қолдау тәсілдерін түсіну.
Оқу нәтижелері:
Табыс критерийлері
1.Мұғалімдер Lesson Study үдерісін, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы екенін біледі. 2.Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді. 3.Мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады. 4. Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

2.«Инсерт»


Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.


«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.

3)Сұрақты ұстап ал!»


Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
15-билет



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет