Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру



бет21/30
Дата07.02.2022
өлшемі3,21 Mb.
#24974
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
БС БИЛЕТЫ (копия)

5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру - Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады; 6. Оқу әңгімелері - Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы, оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді; 7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану - Технологияларды пайдалану,белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады; 8. Модельдеу - Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну, оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;

2. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Осы орайда «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынды. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және тағы да басқалар жатады.Мектеп құндылықтары1.Патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілігі, өз мемлекетінің жетістіктері үшін мақтанышы, халықтың тілі және мәдениетін дамытуға талпынуы); 2.Ұлттық сәйкестік (халықаралық қарым-қатынастағы мәдениетті ұстануы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге деген құрметі, толеранттылық);3.Үйлесімді даму (өзіндік үйлесімді сақтауы үшін тұлғаның жан-жақты дамуы);4.Белсенді азаматтық ұстаным (қоғам өміріне өзінің саналы түрде қатысуы, өз мемлекеті мен халқына пайдасын тигізуге талпынуы, өз көзқарасын, пікірін орынды ұсына білуі);5.Эмпатия (жанашырлық таныта білуі); 6.Өзін-өзі таныту (ар-ұятын ұстанып және әлемге деген қатынасын көрсете отырып, ішкі рухани әлемін дамытуы);7.Еңбексүйгіштік (еңбексүйгіштік, жауапкершілік және орындаушылық дағдыларының қалыптасуы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет