Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру



бет14/30
Дата07.02.2022
өлшемі3,21 Mb.
#24974
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
БС БИЛЕТЫ (копия)

5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру - Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;

6. Оқу әңгімелері - Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы, оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;

7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану - Технологияларды пайдалану,белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;

8. Модельдеу - Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну, оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;


  1. Саралаудың түрлері. Таңдау бойынша саралау

Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.

Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.

Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

Саралаудың түрлері:

Таңдау бойынша саралау.  Саралаудың бұл түрінің артықшылығы-дарынды балалар өз қызығушылықтарына, сұранысы мен қабілетіне сәйкес келетін жұмыс түрін таңдай алады. Таңдау бойынша саралау барысында оқушылар өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдай алады, заттар немесе процесті таңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет