жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Яғни , оқушы білім алу жолында кездесетін қиындықтарды мұғалімнің , жолдастарының немесе тағы да басқа адамдардың көмегімен игере алады деген сөз. Бұған қатысты бірнеше ғылыми дәйектер бар және мысал ретінде «көпіршелер» деген метафораны келтіруге болады.
Сұрақ қоюға және оларға жауап беруге ынталандыру үшін Сіз сыныпта қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?
24-билет
1.Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологы, Блум таксономиясының авторы.
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Блум таксономиясы-жеке тұлғаға бағытталған, оның шығармашылығын дамытудың және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін алты деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам .
1.Білу
2.Түсіну
3.Қолдану
4.Талдау
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:
- Бүтіннің бөліктерін ажырату;
- Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді.
Оқушы әрекеті:
жасырын (көзге көрінбейтін) жайттарды ашады
ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды
фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады
ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды
5.Жинақтау
6.Бағалау
Талдау - ойлау деңгейі және тапсырмалар үлгілері
№ 1. Неліктен поезд жүргізушілері дөңес жерде тоқтап қалудан қорқады.
№ 2 В жағдайындағы білеуше көлбеу жазықтықпен үйкелісті теңгеріп сырғанап түседі. А жағдайындағы білеуше сырғанай ма?
А B
Жауабы:
1)Поездың ауырлық күші күш иінін теңгеріп кетеді.
2)Сырғанайды, өйткені F үйкеліс күші түйісетін жазықтық беттерінің ауданына тәуелсіз.
2. Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды.
«Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интербелсенді мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. Метафораға сәйкес, көпіршелер уақытша құрал және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі дамуына қарай орнатылып, нығайтылып, бөлшектеліп немесе толығымен жойылуы мүмкін. Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) сәбилердің тілі шыға бастаған кезеңдегі ата-ананың тәрбие беруін сипаттау үшін қолданған «көпірше» атауы метафора ретінде Выготскийдің оқу әлеуметтік дағдыларға негізделген үдеріс деген ойына негізделеді және оқудың басқа жағдайларында мұғалімнің араласуы мен қолдау көрсетуін бейнелеу үшін қолданылады (Wood, 1998). Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек: а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру; ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету; б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells, 1999). Аталған жағдайларды анықтауда мұғалімнің оқудың тиісті тәжірибесін құру үшін оқушының білім-дағдыларын дамытуға бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылады.
3, Оқушылардың білімге құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады. Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер етуі мүмкін.
Сондықтан
- оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс деп санаған жағдайда;
- мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда;
- оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады.
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуде оқушылардың өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тақырыпты зерттеуіне, жұптық және топтық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл оқушылардың оқуға деген шынайы қызығушылығын туғызып, ішкі уәжін арттыратын ерекшелігі болып табылады.
Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістерді қолдана алады:
- сабақты белсенді оқуға ықпал ететін және ынталандыратындай қызықты әрі тартымды етіп құру;
- оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін жас ерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалу;
- әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу;
- оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке ынталандыру;
- жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында жекелеген оқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою;
- оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
25-билет
Саралаудың түрлері. Тапсырма бойынша саралау
Қалай оқу керектігін үйрену. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру
Физиканы оқытуды «Постер» әдісін ұймдастырып өткізудің әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |