Өзің таңдаған тақырыпқа жинақтау деңгейіне тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау
11-билет
Тиімді оқытудың түрлері. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру
- гомогенді топ – топ мүшелерінің зияткерлік деңгейлері шамалас, қызығушылық танытатын салалары ортақ;
- гетерогенді топ – топ мүшелерінің танымдық деңгейлері бойынша барлығы күшті, немесе төмен;
- аралас топ.
1. Белсенді оқу 2. Бірлескен оқу 3. Саралау 4. Пәнаралық байланыс 5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 6. Оқу әңгімелері 7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану 8. Модельдеу
Саралаудың түрлері. Қарым – қатынас формалары бойынша саралау
Саралау
Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
түсінік пен дағдылар тереңдейді;
өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;
оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;
барлық оқушылар үшін тиімді;
барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
Қарым-қатынас формалары бойынша саралау топтық жұмыс, жұптық жұмыс арқылы көрініс тапты. Әр тапсырма барысында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып топтық жұмыстар атқарады.
Өзің таңдаған тақырыпқа талдау деңгейіне тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау
12-билет
1 Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану
2. Құндылық ұғымы. Қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік –(қалыптастыру үдерісі, күтілетін нәтиже)
3. Өзің таңдаған тақырыпқа бағалау деңгейіне тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.
АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда oсы білімдер oперациялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен лектронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады . Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық , педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан.
2. Құндылық" ұғымы ғылыми дереккөздерде философия, әлеуметтану, психология ғылымдарындағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қымбаттығы. Ол қашанда объективті болмысты және субъективті бағалауды білдіреді. Философияда аталған ұғым қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам және қоғам үшін қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін түсіндіру үшін қолданылады. "Құндылық" философиялық белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кеңінен қолданылатын термин.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу. Тұлғалық және бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл-ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді. Жүйелік-әрекетті тәсіл дегеніміз оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |