Жалпы сипаттама Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса, «Ойтамыздықты» қарауға болады.
Сыныпты жоспарлау Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек. Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі 1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.
Тақырыбы: Зертханадағы қауіпсіздік
Зертхана ішінде қозғалу кезіндегі екі маңызды ережені жазыңыз.
Сізге зертханада кездесуі мүмкін бес қауіпті жазыңыз.
Уақиғаны болдырмау үшін үш алдын алу шарасын көрсетіңіз.
Мұзжарғыш:
Сіздің тобыңыздың барлық мүшелерінің есімдерін жазыңыз.
Топтың әр мүшесі өзі жақсы көретін істі көрсетеді.
Әр адамның атаққа лайық екендігінің бір себебін атаңыз.
\ерінің аттарын жазыңыз.
Топтың әрбір мүшесі өзінің сүйікті хоббиын бейнелейді.
Әр адамның бойында даңққа деген бір дәлелді табыңыз.
Тарих:
Өткен жылғы өміріңіздегі екі үлкен уақиғаны жазыңыз.
Өткен жылғы үш жаңалықты жазыңыз.
Ол уақиғалардан не түйгеніңіз туралы ойланыңыз.
2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.
3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.
4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.
5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.
6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.
7. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.