Тұжырымдамалық картаға арналған тақырыптар үлгілері:
География: өзендер;
Қазақ әдебиеті: кітаптағы кейіпкер немесе тақырыптар;
Тарих: Армада;
Шетел тілі: «Бос уақыт» тақырыбындағы лексика.
2. Оқушылар басты ұғымға қатысты түйінді идеяларды жазып, оларды орталықпен біріктіру үшін стрелкаларды қолданады. Оқушылар әр түйінді идея үшін әртүрлі түстерді және маңызды сөздер мен ұғымдарды сызып көрсету үшін мәтін белгілегішті (маркерді) пайдалана алады. Сонымен қатар оқушылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана алады.
3. Оқушылар негізгі идеялардан туындайтын идеяларды көрсету үшін оларды стрелкамен байланыстырады.
4. Тексеру құралы ретінде пайдаланған кезде, оқушылар тұжырымдамалық картаны мұқият тексеруге арналған трамплин түрінде қолданады. Олар, мысалы, кезекті түрлендіру кезінде әрбір туынды буын үшін өзгерістерді пошталық ашықхатта белгілеп отырады. Бұл ашықхатта тиісті туынды буындағыдай түстер мен суреттер қолданылуы мүмкін.
5. Тұжырымдамалық картамен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін жүргізілген жауап алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ
Қалыптастырылатын дағдылар:
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау;
проблеманы шешу.
Жалпы сипаттама Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.
Жұмыс алгоритмі 1. Оқушылар көздерін жұмады.
2. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.
3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.
4. Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.
5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.