Талдау: Сіз белсендінің, рефлексия жасаушының, теоретиктің және прагматиктің стилін қолданған жағдайларды анықтаңыз.
Зерделеу: Сіз қалаған стильдің мықты және осал жақтарын айта аласыз ба? Ал онша қаламайтын стильдің ше? Сіздің қандай оқу тапсырмаларын қалайтыныңыз сіздің стильдеріңізді көрсете ме? Оқу үдерісінің көпшілігі белгілі бір сәттерде осы төрт стильдің төртеуін де қамтиды.
Қолдану: Сіз жетілдіргіңіз келетін оқу стилі бар ма? Бар болса, қалай әрекет етер едіңіз және Сізге кім көмектесе алады?
Бұл әдіс оқу стилін анықтаудағы Хани мен Мамфордтың тәсіліне негізделген және осы тәсіл туралы жалпы ақпарат ұсынуға бағытталған. Толығырақ ақпарат алу үшін мына нұсқаулықты қараңыз: П. Хани және А. Мамфорд (1992), Оқу стилі жөніндегі нұсқаулық, Питер Ханиден алынған, Мейденхед SL6 6HB.
Әр адамның өз күшіне деген сенімі әртүрлі болады: кейбіреулер өз күшіне сенімді болу оларға табысқа жетуге көмектеседі деп санаса, кейбіреулер кедергі жасайды деп ойлайды. Бұл жаттығу сізге өз жетістіктеріңіз туралы пікіріңізге көз жүгіртуге көмектеседі.
Орындау: Сіз төменде ұсынылған 16 пікірдің әрқайсысымен келісетініңізді немесе келіспейтініңізді белгілеңіз. Сонымен бірге тұжырымға қатысты басқа пікірде болсаңыз, оны арнайы бағанға жаза аласыз.
Адамдар емтиханға дайындалмаған уақытта емтихан әділ өткізілмеді деп шағымданады
13
Егер сіз жұмыс таба алмасаңыз мектепте оқудың мәні жоқ
14
Пән бойынша озық болу мұғалімнің сізге ұнайтынына байланысты
15
Сіз өз қателеріңіз арқылы келесі жолы қалай жақсы оқу керектігін үйрене аласыз
16
Өмірде табысқа жету үшін тиісті адамдарды білу маңызды
Талдау:Өз жауаптарыңызды шағын топтарда сыныптастармен талқылаңыз. Пікірлеріңіздің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтаңыздар.
Зерделеу: Қандай сенімдеріңіз сізге кедергі келтіруі мүмкін? Егер ісіңізде табысқа жете алмаған болсаңыз, нені кінәлар едіңіз? Бұл сізге қалай әсер етеді? Қандай ұстанымдарыңыз сізге көмектесе алады? Сіз олардың көбісін қалай қолдана аласыз?
Қолдану: Сіздің ұстанымдарыңыз бен бір нәрсені қабылдамауыңыздың оқу сапасына әсерін анықтауға тырысыңыз. Мұндай жағдай орын алса, сіз басқаша қалай істер едіңіз? Бұған дейін болған осындай жағдайдан мысал келтіре аласыз ба?
Бұл әдіс мектептегі әртүрлі оқу жағдайларынан барынша көбірек пайда алу мақсатында оларды егжей-тегжейлі ойластыруға көмектеседі.
Орындау: Мектептегі оқуды мына жағдайлар бойынша салыстырыңыз:
• сіз жақсы оқыған екі жағдай;
• сіз нашар оқыған бір жағдай;
• сабақта емес, мектепте болған оқу жағдайы.
Жағдайлардың әрқайсысын ойластырып, олар бойынша кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Жақсы оқу
1
Жақсы оқу
2
Нашар оқу
Сыныптан тыс оқу
Бұл қандай жағдай? Қай жерде?
Сіз кіммен бірлестіңіз?
Жағдайды кім ұйымдастырды?
Күн тәртібін кім анықтады?
Бұл күн тәртібі сіздің мақсаттарыңызбен үндесе ме?
Сіз қалай оқисыз?
Сіздің оқуға деген көзқарасыңыз қандай?
Талдау: Жағдайлардың арасында қандай айырмашылық байқадыңыз? Жағдайлардағы қандай ұқсастықтарды байқадыңыз? Өз жауаптарыңызды досыңыздың жауабымен салыстырыңыз. Олар ұқсас па, әлде әртүрлі ме?