Оқыту мен оқудың белсенді әдістері


Талдау: Ықыласыңыз ауған пікірлер тобы болды ма? Бұл а, ә, б, в, г әлдеғ ма? Бұл сізді таң қалдыра ма әлде жоқ па? Зерделеу



бет39/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

Талдау: Ықыласыңыз ауған пікірлер тобы болды ма?
Бұл а, ә, б, в, г әлдеғ ма?
Бұл сізді таң қалдыра ма әлде жоқ па?
Зерделеу: Төменде әр топты сипаттайтын ақпарат берілген (Дж.Б. Биггс (1987), Оқушылардың оқыту мен оқуға деген көзқарастары, Мельбурн: Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі австралиялық кеңес).



«A» типті оқушылар
Бұл оқушылар мұғалімдер қоятын талаптарға сәйкес келеді, бірақ бұны емтиханды жеңіл тапсыру үшін ғана жақсы жасайды. Бұл оқушылар озат оқу мен тестіден сүріну арасында тепе-теңдік сақтап үйренген. Олар өзінің оқуына «бұдан маған қандай пайда бар» тұрғысынан қарайды.

«Ә» типті оқушылар
Қызықты болғандықтан және көптеген пәндерден алда болғысы келгендіктен оқиды. Олар бұл оларға шын мәнінде қызықты болғандықтан оқиды.

«Б» типті оқушылар
Биіктен көріну үшін және/немесе басқалардың алдында үздік болып көріну үшін оқиды. Бұл оқушылар оқылатын пән өздеріне ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, жоғары баға алу үшін оқиды.

«В» типті оқушылар
Өздерінің оқығандарын қайта айтып беруге болатын тәсілмен оқиды. Олар сөзсіз қажет деген бөліктерге ғана тоқталады, оларды қайталай алатындай етіп жаттап алады.

«Г» типті оқушылар
Оқығандарының мағынасына ықылас қойып оқиды. Олар белгілі бір тақырып бойынша оқиды, әрі жаңа мәліметті бұған дейін оқығандарымен байланыстырады.

«Ғ» типті оқушылар
Өз уақыттарын, жұмыс орнын және т.б. қалай жоспарлайтынына ерекше назар аудара отырып оқиды. Олар істелуге тиістінің барлығы істеліп болуын қадағалайды, өздерін «үлгілі оқушы» ретінде ұстайды.

• А немесе В типті оқушылар үстірт заттарға назар аударады және оларды жақсы орындап шығады, бірақ оқу күрделенген жағдайда, онша жақсы орындай алмайды.
• Ә немесе Г типті оқушылар мағынасына назар аударады және оқу аса күрделі болғанда жақсы орындайды.
• Б немесе Ғ типті оқушылар мектепте жоғары бағаланатын оқу деңгейіне қалай қол жеткізу және үлгеру керектігіне ерекше көңіл бөледі.
Қолдану: Өзіңіз жуық арада алғыңыз келген кейбір білім туралы ойланыңыз. Жоғарыда аталған артықшылықтардың біреуі бұл үшін тиімді бола ала ма? Бұл стратегияны іс жүзінде орындап көресіз бе және оның нәтижелерін көргіңіз келе ме?
Досыңызбен сіз қолданғыңыз келген стратегияның бөліктерін талқылаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет