Мұғалім жұмысты жалғастыру мүмкіндіктерін қарастыру үшін репликалар мен «дене қимылы тілін» модельдейді «Дене қимылы тілі» немесе сөзбен қолдау көрсету оқушыларға өз жауаптарын дамытуға көмектеседі. Мысалы, «... жалғастыр» немесе оқушы тоқтап қалған кезде басты изеу. Мұның мақсаты – оқушылар осыған ұқсас стратегияларды өзінің командалық диалогіне енгізеді.
«Қол көтермей» жауап алу Мұғалім сұраққа жауап беретін оқушыны көтереді (бұл жағдайда олар жауап беруге ниет білдірмейді). Оқушылардың дене қимылын байқай отырып, көптеген жағдайларда кімнің айтары бар екендігін айқындауға болады.
Өзара талқылау Мұғалім оқушылардың арасында өзара іс-әрекетті жандандыру мақсатында көптеген жағдайда диалогті сұрақтар арқылы бастайды. Идеяларды жұп-жұбымен немесе шағын топтарда талқылау оқушыларға өз тобының жауабын барлық сыныпқа айтар алдында өздерінің арасында идеяларын нақты баяндауға және тексеруге көмектеседі. Жауапты командалық талқылау арқылы тұжырымдау анағұрлым оңай.
Белгілер және репликалар Мұғалім оқушыларды диалогқа тарту үшін дене қимылын және қысқаша репликаларды қолданады, мысалы, «Кім келіспейді?» немесе «Осы идеяны тарқатуға кім көмектеседі?»
Оқушының жауабынан кейінгі күту уақыты Оқушыларға өзінің қатарласының жауабын ойластыруға уақыт беріледі. Бұл оқушыларға жауапты дұрыс түсінгендігін анықтауға және айтылғанның негізінде келесі жауапты тұжырымдауға мүмкіндік береді.