Оқушылар оқытуды талдау барысында аңғарған нәрселері мен болжамдарын пысықтап, талдайды. Бұл төмендегілерді қамтуы мүмкін:
не үшін оқу кезіндегі мақсаттар қалай оқу кезіндегі стратегияларды орындау не оқу кезінде әсер туғызу қалай оқу кезінде эмоцияларды сезіну қашан, кіммен, қайда оқу жағдайы Бұл оқушылардың жаңа стратегиялар жасауына және/немесе оқытудың ескі стратегияларын қайта қарастыруына түрткі болады.
Қолдану
Оқушылар ойланады және өздерінің жаңа немесе қайта қарастырылған стратегияларын оқудың түрлі жағдайларында қолдануды жоспарлайды. Тиімді оқуды жалғастырудағы мұғалімнің рөлі маңызды.
Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:
Орындау
Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін оқушыларды ынталандырады және қолдайды.
Талдау
Мұғалім оқушылардың мәселе төңірегінде ойлануын, оны талқылау барысын және кері байланысты үйлестіреді және жаңа болжамдар мен бақылаулардың, стратегияларды бағалаудың пайда болуын ынталандырады.
Зерделеу
Мұғалім оқушыларға талдау барысында пайда болған бақылаулар мен болжамдарды атап көрсете отырып, нағыз стратегияларды салыстыруға және қарама-қарсы қоя білуге, олардың келесі деңгей үшін қалай өзгеретіндігін анықтауға көмектесе отырып, олардың оқу үдерісіне қолдау көрсетеді.
Қолдану
Мұғалім оқыту трансфертін, нақты жағдайлар мен мәнмәтіндерге сәйкес стратегияларды жоспарлап, мақсаттарды анықтауды алға тарта отырып, оқушыларға жаңа болжамдар негізінде болашақты өзгеше жоспарлауға көмектеседі.
Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі.