Оқыту мен оқудың белсенді әдістері


ОҚУ СТИЛІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА



бет40/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

ОҚУ СТИЛІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА


Орындау: Бұл сауалнама сіз қалайтын оқу стильдерін анықтау үшін әзірленген.
Уақыт жағынан шектеу жоқ. Шамамен алғанда 10-15 минут алуы мүмкін.
Егер сіз пікірмен келіссеңіз, онда оның қасына құстұмсық белгісін қойыңыз.

1

Менің ойымның барлық жағдайда дұрыс болғанын жақсы көремін




T

2

Маған тәуекелге бел буған ұнайды




Б

3

Мен проблемаларды жорамалдағаннан гөрі, біртіндеп шешкенді ұнатамын




T

4

Мен күрделі емес, біртекті қарапайым сұрақтарды ұнатамын




П

5

Мен көп нәрсені «маған солай істеген ұнағандықтан» істеймін, ол туралы ойланбаймын




Б

6

Мен көп нәрсені қалай ұсынылса, солай қабылдай бермеймін. Маған өзімнің тексергенім ұнайды




T

7

Оны өмірде қолдануға болатындығы – оқу үдерісіндегі ең басты критерий




П

8

Мен өзім үшін әрқашан жаңа істерді іздеп жүремін




Б

9

Мен жаңа идея туралы естігенде, оны қалайша жасау қажет екендігі туралы ойлай бастаймын




П

10

Мен белгіленген регламенттерді және кестені өте жақсы көремін




T

11

Мен барлығы ойдағыдай болуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Асығыс пікір білдіргенді ұнатпаймын




Р

12

Шешімді сақтықпен қабылдаймын. Алдымен туындауы мүмкін барлық жағдайларды қарастырамын




Р

13

«Шала істі» ұнатпаймын. Барлығы үлгіге сәйкес келгенін қалаймын




T

14

Мен талқылау кезінде бірден іске көшемін




П

15

Маған әртүрлі жаңа тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар ұнайды




Б

16

Мен пікір білдіруге көшер алдында барлығын мұқият ойластырып алғанды қалаймын




Р

17

Мен ойластырылмаған, қисынсыз идеялар туралы ойлау жеңіл деп санамаймын




T

18

Ақпарат көп болғанын жақсы көремін, неғұрлым мұқият тексеруім қажет болса, соғұрлым жақсы




Р

19

Алдын ала жоспарлағаннан гөрі, сол іске бірден кірісіп, оны істегенді қалаймын




Б

20

Мен басқалардың пікірлерін олар іс жүзінде қалай іске асатындығына қарай бағалаймын




П

21

Сіз шешімді тек қана дұрыс көрінгені үшін ғана қабылдай алмайсыз. Барлық фактілер ескерілуі тиіс




Р

22

Өз жұмысыма міншілмін – аздап перфекционистпін




T

23

Әдетте талқылау барысында көптеген бірегей идеяларды ұсынамын




Б

24

Талқылау барысында олардың дұрыс болатынына сенімді идеяларды ғана ұсынамын




П

25

Мен проблеманы шешер алдында, оларды мүмкіндігінше жан-жақты қараймын




Р

26

Мен әдетте тыңдағаннан гөрі, көбірек сөйлеймін




Б

27

Көбіне тәжірибеде істеп көру арқылы тексеремін




П

28

Мен мұқият, логикалық ойлау табысты жұмыстың бастамасы деп санаймын




T

29

Егер мен ресми хат жазатын болсам, алдымен бірнеше бастапқы нұсқаларын жазып көремін




Р

30

Мен шешім қабылдар алдында өзімнің барлық нұсқаларымды қарап шыққанды қалаймын




Р

31

Мен шығармашылық идеяларды ұнатпаймын. Олар онша қолайлы емес




П

32

Алдымен тексеріп, сосын істеген дұрыс




Р

33

Әдетте мен сөйлегеннен гөрі көп тыңдаймын




Р

34

Мені ережелер мен жоспарлар мазалай алмайды




П

35

Сенің бір нәрсені қалай жасағаның маңызды емес, оның іске асқаны маңыздырақ




Б

36

Әдетте топтың, ұжымның «жанымын»




Б

37

Жұмысты аяқтау үшін маған қажеттінің барлығын істеймін




П

38

Заттың қалай жұмыс істейтіндігін білу қызықты




T

39

Маған кездесулер мен талқылаулардың жүйелі түрде, кесте бойынша өткені ұнайды




T

40

Жұмысты бақылай алмай қалсам, мойымаймын.




Б

Әр әріп бойынша неше құстұмсық барын есептеңіз.


Төмендегі ұяшықтарға әр әріп бойынша жиналған ұпай санын жазыңыз


Б Р T П


БелсендіРефлексия жасаушы Теоретик Прагматик


Мүмкін сіз екі немесе үш оқу стилін қамтитыныңызды анықтайтын шығарсыз. Егер екі стиль бойынша жоғары балл жинаған болсаңыз, сізге бұл екі тәсіл де ұнауы мүмкін. Егер сіздің балдарыңыз теңдей бөлінген болса, онда сізге бірнеше тәсілмен оқу ұнауы мүмкін.


Талдау: Нәтижелерсіз күткенге ұқсай ма немесе өзгеше ме?
Зерделеу: Сіздің стильдеріңіз қандай? Бір стильге деген ерекше ықыласыңыз бар ма? Мүмкін бірнеше стильді қалайтын шығарсыз?

Енді әр стиль үшін ұсынылған сипаттаманы оқып шығыңыз.


Белсенділер кең көзқараспен қарауға тырысады және жаңа нәрселерді білуге ынтызар. Олар барлығын ең болмаса бір рет байқап көреді және проблемаларды ұтқыр ойлау арқылы шешкенді жақсы көреді. Әдетте, олар айналасындағылармен жақсы араласады және барлығының назарында болғанды ұнатады. Олар жобалар бойынша жақсы жұмыс істейді, топтарда жақсы оқиды және басқалармен пікір бөліседі. Оларға рөлдік ойындар ұнауы мүмкін, бірақ оларға лекцияларда толық назар аудару, жобалар құру және зерттеулерді талдау үшін көмек қажет болады.
Рефлексия жасаушылар бірден іске кірісіп кетпей, алдымен ойланып алғанды қалайды. Әдетте олар салмақты; олар тақырыпқа жалпы көрініс ретінде қарағанды ұнатады және ұтымды әрекет етеді, ұқыпты. Олар сарапшыларды тыңдағанды және ақпараттық-анықтамалық материалдарды қосымша оқығанды өте жақсы көреді. Өздері зерттеу жүргізуден және өз зерттеулерін қолданудан ләззат алады, бірақ өз пікірлерін топқа ұсынған кезде өзінің жақсы жақтарын көрсете алмай жатады.
Теоретиктер талдағыш және барлығын егжей-тегжейлі білгенді жақсы көреді. Олар - еңбексүйгіш перфекционистер. Олар құрылымдалған және логикалық көзқарас білдіреді және үзінді мәліметтермен тез жұмыс істейді. Оларға теориялық материал көп берілетін дәрістер, көзқарастар мен пікірлерді қорытқан ұнайды. Конспекті жасау немесе сараптамалық жаттығу орындау олар үшін нағыз қажетті іс болып саналады. Олар екіұштылықты және күрделі мәселелерге ұқыпсыз қарайтын адамдарды ұнатпайды.
Прагматиктер өте епті және теорияның іс жүзінде жүзеге асуын анықтауға тырысады. Олар проблеманы сын тұрғысынан қарастырады және жұмысты орындаудың ең жақсы тәсілдері бар екеніне сенеді. Оларға өздері істегеннен гөрі, басқаларға «қалай істеу керектігі» жөнінде нұсқау берген ұнайды. Олар идеяларын ұсынуға, жобалар жасауға және аталған зерттеулерді қолдануға бейім. Олар абстрактілі идеялармен және анықтамалық-ақпараттық материалдармен нашар жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет