Оқыту мен оқудың белсенді әдістері


ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ



бет48/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ
АКТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтарды жоспарлау әдістемесі

  • АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін анықтап алыңыз.

  • Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз.

  • Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді. Олар көмек сұрады деп, сізді сыйлауын тоқтатпайды.

  • «Велосипед ойлап шығарудың» қажеті жоқ. Көптеген мұғалімдер АКТ-ға арналған ақпараттық материалдар мен стратегияларды әзірлеп қойған. Әріптестеріңіздің тәжірибесін талқылаңыз, бүкіл мүмкіндіктерді пайдалану арқылы олармен байланыста болыңыз: адамдардың идеялармен, сабақ жоспарларымен, тәжірибелерімен алмасуға көмектесетін мектептің, мұғалімдердің веб-сайттары және желілік қауымдастықтар өте көп!

Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатында АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған.


ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА
Интерактивті тақтаның негізгі басымдығы - Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға, бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, РowerРoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықталған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз таныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсырмаларды түсіндіру мақсатында сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тақта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдағы уақытта пайдалану үшін бейімдеуге мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сабақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабақтағы тікелей физикалық белсенділігін арттырады.
Интерактивті тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдармен жедел таныстыру құралы бола алады. Осыған байланысты, таныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істеуді жалғастырады. Жұмысты орындау барысында оқушылар шынында да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың соңында еске түсіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет