Оқыту пәні: Жалпы тактика 3-тақырып. Кәзіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздері Сабақ : 1


Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі ж



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі9,65 Mb.
#114439
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жалпы тактика 3,1

Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады.

Қарулы Күштердегі тактикалық дайындықтың әскери дайындықтың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.

Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу мен өз қаруы мен техникасын дұрыс қолдана білу – жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңеуі мүмкіндік береді.

Заманауи ұрыс - әскерлердің тактикалық әрекеттерінің негізгі түрі және мақсаты, қарсыласты жою (талқандау), соққыларды тойтару және басқа да міндеттерін белгілі бір ауданда қысқа уақыт ішінде орындау мақсатында орны және уақыты бойынша келісімделген соққыларды, атысты және маневрді құрайды.

Қарсыласты талқандауға және ұрыста жеңіске жетуге

  • қарудың барлық түрлерімен қуатты соққылау,
  • онда қатысатын әскерлердің белсенді және батыл әрекеттері,
  • жеке құрамның моральдық және дене күштерін шектік күшейтудің арқасында қол жеткізіледі.

Жалпыәскери ұрыстың мәні:

Жалпыәскери ұрыстың мәні:

  • Қарсыласты атыспен зақымдау;
  • Қорғаныс ошақтарында қарсыласты жою;
  • Шабуылға резервті енгізу немесе қорғанысқа алынған бекіністерін мықты ұстап тұрумен, шабуылдаушы қарсыласты атыспен зақымдау.
  • Заманауи жалпыәскери ұрыс талаптары:

  • Жауынгерлік және арнайы техниканы шебер қолдана білу;
  • Жоғарғы жылдамдықты және ұйымдастырушылықты білу;
  • Моральдық және дене күштерін барынша күшейтуді дамыту;
  • Жеңіске деген қайтпас жігерді қалыптастыру,
  • Темір тәртіп және жауынгерлік ынтымастықты жоғарылату.

Заманауи жалпыәскери ұрыс талаптарына қол жеткізу үшін келесіні білу қажет:

  • Жоғарғы жауынгерлік дағдыны білуге.
  • Өз әскери борышын саналы атқаруға
  • Жеке құрамның батылдығы, қажырлығы, ерлігі және кез-келген жағдайда қарсыласты толық жеңуге қол жеткізуге деген әзірлігін.
  • Бастықтардың өз бағыныстыларын білуі, олармен жеке әңгімелесуі, олардың күнделікті жауынгерлік өмірі мен мұқтаждарына назар аудару мен оларға жоғарғы талап қоюшылықты, отанға деген адалдықты тәрбиелеуге.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет