Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принціптері : - құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің әр уақыттағы жоғарғы әскери дайындығы;
- жоғарғы белсенділік, шешімділік және үздіксіз ұрыс жүргізу;
- кенеттен әрекет етуі;
- келіскен, бірлескен түрде әскерлердің әр түрін және арнаулы әскерлерді ұрыста қолдану, олардың өзара үздіксіз әрекетін ұстауы;
- шешімді түрде әскердің негізгі күшін басты бағытта және керек уақытта топтастыруы;
- бөлім, бөлімшелермен және атыспен маневр жасауы;
- жан-жақты есепке алу және моральдық саяси психологиялық факторды әскери тапсырманы орындау мүддесінде қолдануы;
- ұрысты жан - жақты қамтамасыз етуі;
- әскерлердің жауынгерлік қабілетін уақытында қалпына келтіру және қолдауы;
- қатаң және үздіксіз әскерлерді басқару, белгіленген мақсаттардың жетістігінен бас тарту, қабылданған шешімдерді және тапсырмаларды орындауы.
Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі. Ұрыс жүргізу әрекеттерінің көп түрлілігіне қарамастан, оларды негізгі және бірден байқалатын белгілеріне қарай шабуыл және қорғанысқа бөлінеді.
Шабуыл әскерлердің жауынгерлік әрекетінің негізгі түрі ретінде қарсыластарды жеңу нәтижесінде шешуші мәнге ие болады. Шабуыл күні, түні үздіксіз жүргізіледі.
Жағдайға және қойылған тапсырмаларға байланысты, шабуыл қорғанушы, шабуылдаушы немесе шегінуші қарсыласқа жүргізілуі мүмкін.
- Қорғанушы қарсыласқа шабуыл жасау бірден жүргізіледі, немесе онымен түйісетін жағдайдан басталады.
Шабуыл шабуылдаушы қарсыласқа қарсы ұрыс жүргізумен жүргізіледі.
Шегінуші қарсыласқа шабуыл, оның ізімен жүргізіледі.
Қорғаныс әскери әрекеттердің түрі ретінде мынадай жағдайда ғана болуы мүмкін: