Оқыту пәні: Жалпы тактика 3-тақырып. Кәзіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздері Сабақ : 1


Ұрыс кезінде маневр кеңінен қолданылады



бет5/6
Дата14.10.2023
өлшемі9,65 Mb.
#114439
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жалпы тактика 3,1

Ұрыс кезінде маневр кеңінен қолданылады.
Маневр - әскерлердің ұйымдасқан қозғалысы немесе ұрыс қимылдарын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мүддесінде күрес құралдарын қайта бөлу.
Қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстағы маневр жер мен әуе бойынша жүргізілу әрекеттері болып табылады, бұл қарсыласты әртүрлі бағыттардан, соның ішінде тылдан келісілген соққылармен жылдам жеңуді қамтамасыз етеді.
Ұрыс барысында әскерлердің күштері мен құралдарымен, сондай-ақ олардың атысымен маневр кеңінен қолданылады.
Күштер мен құралдардың маневрі қарсыласқа қатысты тиімді жағдайға ие болу, қарсыластың ең осал жерінде атысты жүргізу немесе оған қаптал мен тылына шабуыл жасау мақсатында жүргізіледі.
Шабуылда және қарама қарсы ұрыста бөлімшелер ашық қапталдарды, аралықтарды, сондай – ақ жергілікті жердің қатпарларын пайдалана отырып, маневрдің келесі түрлерін - қарсыласты қамту, айналып өту және өз әскерлерін шегінуі орындауы тиіс.
Қамту-жаудың қапталына шабуыл жасау үшін шығу мақсатында жүзеге асырылатын маневр.
Айналып өту-қарсыласқа тылдан соққы беру үшін шығу үшін жасалған маневрдің терең түрі.
Шегіну - бұл көбінесе өз әскерлерін қарсыластың соққысынан шығару және оған қатысты неғұрлым тиімді позицияны алу үшін қолданылатын маневр түрі. Ол тек аға командирдің рұқсатымен жүргізіледі.
Ұрыс барысында қарсыластың бөлімшелерінің қоршалуы сияқты жағдай туындауы мүмкін - қарсылас күштерінің (бірнеше бөлімшелерінің) бір бөлігін жою немесе тұтқындау мақсатында көрші және оның тылында орналасқан әскерлерден оқшаулау.
Бөлімше құрамында атыспен маневр жасау
Атыс - бұл әр түрлі қару-жарақпен қарсыласты бір уақытта зақымдау немесе жою. Ол қарсыласты жою, басу және оның атыс жүргізетін нысаналарын жою міндетімен жүзеге асырылады. Атыспен маневр жасау взводтың атысын бір маңызды нысана бойынша шоғырландырудан, атысты бір нысанадан екінші нысанаға уақтылы көшіруден және бір мезгілде взводтың бірнеше нысанаға атыс жүргізуінен тұрады.
Жағдайға байланысты мотоатқыштар мен танк бөлімшелері келесі тактикалық тәртіпте әрекет ете алады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет