Жаңа сабақты қорытындылау барысында білім алушыларға түсдірілген тақырыптарды пысықтауға тест тапсырмалары берілді. Тест сұрақтарының жауабы арқылы білім алушылар тақырыпқа байланысты құпия сөзді анықтайды.
№
a
b
c
d
e
1
t
a
d
b
s
2
e
r
m
y
p
3
s
u
o
c
n
4
e
o
b
l
s
5
r
b
s
z
y
6
e
t
k
l
a
7
a
v
t
k
m
8
q
t
r
e
m
Табылатын құпия сөз: decorate – декорировать – безендіру
Қазіргі таңның басты мәселесі болып отырған да осы білім, тәрбие ісі. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде білім ордасының алатын орны ерекше. Көптілді оқыту қазіргі күннің заман талабы. Дана халқымыз: -"Тілі бірдің-тілегі бір", "Тіл байлығы-ел байлығы" екендігін әрдайым жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету-баршамыздың міндетіміз. Сондықтан, тілсіз ұлт-ұлтсыз тіл болмайды. Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов «Жазушы жазуын қойған күні өлгені», -деген екен. Сол себепті оқытушы күнделікті оқу арқылы ойы мен бойына білім қорын жинауы тиіс. Заман талабына сай білім алушының білім сапасын көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізіп, үнемі ізденуден жалықпайтын, жаңа әдісті меңгерген ұстаз нәтижелі табысқа жете алады.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауы. Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан
2. Нуралиев Б.У., Урманов Т.Х., Алметов Н.Ш. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне көптілді және билингвалды білім берудің бейімдендірілген моделін ендіру. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2010.
3. Алметов Н.Ш. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінде көптілді және жан-жақты мәдени білімді жетілдіру. Шымкент: «Асқаралы», 2011
4. «Мектеп» журналы, №6, 2014.
5. Интернет сайттары: www.ustaz.kz, www.bilimdiler.kz