Көптілді және билингвальді білім беруде оқушылар тілдік дағдылары дамиды.
Көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер туралы түсінік алады
Көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдарын үйренеді
Көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен танысады
Билингвизм - қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін жеке тұлға.
Полилингвизм –екі немесе одан көп тілді үйрену.
Монолингвизм –бір тілді қолдану
Стереотип –тәртіп, ой, мәлім бір ұлттың келбеті, мәдениет, әлуметтік категориясына қатысты қалыптасып қалған жеңілдетілген ой, болжамдар
Көптілділік – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.
Билингвтің сипаттамасы (лат. bi-екеу, лат. lingua-тіл) - екі немесе оданда көп тілде сөйлей алатын тұлға.
Құзыреттілік - білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана алу қабілеттілігі аталады.
Полимәдениетті тұлға деген - көпұлтты , көпмәдениетті ортада өмір сүруді білетін, өз ұлтының мәдениетін, әдет – ғұрпын білетін, басқа ұлттардың мәдениетін құрметтейтін тұлға.
Анығырақ айтсақ көп ұлтты және көпмәдениетті ортада өзін нәтижесі және белсенді сезіне отырып қызмет атқара алатын өзге мәдениетке, бейбітшілік пен келісімді өмір сүре алатын бәсеке қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім өте қажет.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Ана тілінен басқа шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтан, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілдіңді құрметте» демекші жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен талпынысын арттыруымыз керек және де сол арқылы Отанға деген патриоттық сезімі жұдырықтай жүректерінде оттай лаулап тұратын тұлға тәрбиелеуді – басты міндетіміз деп білуіміз керек.
Билингвалды оқыту жүйесін қолдану аясында айтарлықтай нәтижелер болып, көптеген жетістіктерге жете аламыз:
- балалар мемлекеттік тілді толық меңгере біледі;
- екі тілде еркін ойлау, сөйлеу дәрежесі дамиды;
- білім алушылар кез келген оқу орындарында, сайыстарда білімдерімен қоғамдық бәсекелестікке сай бола алатындығын керсетеді;
- білім алушы өз кемшілігін байқайды, өз қатарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады;
- өз зейінін тәрбиелейді;
- білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;
- ойланып оқуға дағдыланады;
- ойлау мен іс-әрекетіндегі еркіндік пайда болады;
-тапсырмаларды орындағанда алған бетінен қайтпауға дағдыланады.
Мен «1304022 Байланыс құрастырушысы – кабельші» мамандығы бойынша оқитын І курс білім алушыларына өткен өз сабағымда билингвалды оқытуды қолданған жоспарымды ұсынып отырмын.
Бұл сабақта мен, өтілген тақырыпты қайталау, яғни үй тапсырмасын сұрау кезеңдерінде және жаңа сабақты түсіндіру барысында билингвалды оқытуды қолдандым.
Алдыңғы сабақта үйге берілген тапсырма өтілген тарау бойынша қорытындылап келу. Яғни MS Excel кестелік процессорының терезе элементтерін орыс тілінде және ағылшын тілдерінде айтып оның қызметін түсіндіру керек.
Ал жаңа тақырып «MS Power Point бағдарламасын» түсіндіру барысында глоссарий қолдандым. Техникалық терминдерді 3 тілде айта отырып, оның функциялық міндеттері мен қызметі, қолданылу барысы қазақ тілінде түсіндірдім.