Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды. Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. Педагогикалық принцип нормативті түрде заңның мәнін сипаттайды. Ол тиісті жағдайларда оқытуды дұрысырақ ұйымдастырудың жолын анықтайды. Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді.
Оқыту заңдылықтары және олардың жіктелуі.
Дидактиканың міндеттерінің бірі — оқыту заңдылыктарын анықтау болып табылады. Оқыту заңдылыктарын анықтау оқытудың педагогикалық тұжырымдамасын құрайтын стратегиялық идеяларды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде анықталған идеялар:
оқыту мен тәрбиелеудің рухани бай, жан-жақты және үйлесімді дамыған, жемісті жэне өнімді іс-әрекетке қабілетті дербес тұлғаны қалыптастыруға багыттылығы;
тұлғаны қалыптастырудың басты шарты ретінде оқу-танымдық, ізденістік, шыгармашылық іс-эрекеттерді ұйымдастыру бірлігі;
мазмұнды, әдістерді, құралдарды оңтайландыру, уақыт пен күшті
аз жұмсап, ең көп тиімділік алып келетін әдістерді таңдап алуға
бағытталу.
Оқыту үдерісіне қатысты заңдылықтар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы заңдылықтар оқытудың элеуметтік-экономикалық, саяси ситуациялармен, мәдениет деңгейімен, белгілі бір типтегі тұлғаға деген қоғам қажеттілігімен жэне білім беру деңгейлерімен байланыстылығын сипаттайды.
Ішкі заңдылықтар
ішкі заңдылықтар оқыту үдерісінің мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары арасындағы байланыстарға қатысты анықталады.
Оқытудың жалпы заңдылықтары 6-ға бөлінеді. Олар: 1. Оқыту мақсаттарының заңдылығы 2. Оқыту мазмұнының заңдылығы 3. Оқыту сапасының заңдылығы 4. Окыту әдістерінің заңдылығы 5. Оқытуды басқару заңдылығы 6. Оқытуды ынталандыру заңдылығы
Оқытудың жалпы заңдылықтары:
Жекелеген нақты заңдылықтар оқу үдерісінің жекелеген компоненттеріне қарай анықталады.
2. Гносеологиялық компоненттер — оқыту нәтижесі ; окушылардың ақыл-ойының дамуы меңгерілген өзара байланысты білім, білік, жасампаздық іс-әрекет тәжірибесі көлеміне тура пропорционал.
3. Психологиялық компонент оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетінің ішкі психикалық жағына басымырак қатысты. Бұған оқыту өнімділігі , нақты оқу материалын меңгеру жатады.
4. Кибернетикалық аспект оқу үдерісіндегі әр түрлі байланыстарды, ақпараттар ағынын, ең бастысы — акпараттарды меңгеруін басқаруды бейнелейді.
5. Әлеуметтік компонент оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы қатынастарды қамтиды. Индивидтің дамуы , дидактогения (мұғалімнің оқушыларға дөрекі қатынасы)кіреді.
6. Ұйымдастыру компоненті оқу үдерісін интеллектуалдық еңбек аспектісінде бейнелейді. Оған: оку үдерісін және мұғалім еңбегін ұйымдастыру, материалдык-техникалық жабдықтау, ынталандыру, өнімділік, рентабельділік мәселелері жатады және т.б.