Оқыту технологиясы туралы түсінік. Қазіргі оқытудың инновациялық технологияларына теориялық сипаттама
«Оқыту технологиясы» ұғымы.
2. Технологиялар жіктемесі.
3. Оқыту технологиясын меңгеру сатылары.
4. Оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы маңызы.
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың мәні және тиімділігі
«Технологияға» анықтама берейік. Бұл жерде осы «педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» сөзінің екі мағынасы бар.
1. Өндірістік құралдарының жиынтығы
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
Оқыту технологиясы - дидактикалық және әдістемелік жүйенің құрамды бөлігі болып табылады. Мәселен, әдістемелік жүйе нені оқыту керек? қалай оқыту керек? не үшін оқыту керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі оқыту керек? деген сұраққа жауап береді.
Технологиялар жіктемесі
Педагогикалық технология — бұл оқушы мен мұғалімге керемет жағдайлар туғызумен қатар, оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізу бойынша біріктірілген педагогикалық әрекеттердің барлық бөлшектері алдын-ала екшеленген моделі " (В.М. Монахов).
Оқыту технологиясын меңгерудің үш сатысын жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып қарастырамыз.
Бірінші саты. Барлық жобалаушы құжаттарды ұқыпты түрде түгендегеннен кейін, қарастырылып отырған дидактикалық модульді меңгеріп, жүзеге асыратын қажетті жағдайлар болуына көз жеткізу аса маңызды мәселе болып табылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың модульдік технологиясын іске асыру маңызды көрсеткіштердің бірі болады. Оқыту технологиясының мүмкіндігін және нақтылы меңгерудің маңызды көрсеткіші жоғары оқу орындары ұжымының пән оқытушыларының арасындағы бірін – бірі түсінушілік ахуалы болып табылады.
Екінші саты. Дидактикалық модульді құрастыратын бастапқы технологиялық жағдайлардың жиынтығы меңгеріледі. Әрбір пән оқытушылары әдістемелік жұмыс жабдықтарының барлық құрамдас бөліктері мен бағдарламаларын меңгеру барысында олардың іс – тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қарай және берілген мамандықтың ерекшелігіне байланысты дидактикалық модульдің қолданбалы бағдары басталады.
Үшінші саты. Оқытудың жоспарланған қорытындыларының барлық әдістемелік шарттарын меңгергеннен кейін (теориялық кезең), алдын – ала белгілеп алған оқу тобында берілген дидактикалық модульді іске асырудың алғашқы жуықтау кезеңін байқап көру аса маңызды іс (жаттығу курсы).
Оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы маңызы
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Оқушылардың әрқайсысының деңгейін мұғалім анықтай алады.
4. Оқушыларды әділ бағалауға мүмкіндік көбейеді.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға нақты қадамдар жасалады.
8. Оқушының өзіне, өз іс-әрекетіне деген сенімділігін қалыптастырады.
9. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен мұғалім жеке тұлға ретінде шығармашылық түрғыдан дамиды.
Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістері
Оқыту технологияларын талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
• алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
• тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Жаңа оқыту технологиясын қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену.
2-кезең – меңгеру.
3-кезең - өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану.
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.
Оқыту технологияларын қолдану негізінде білім беру тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады:
білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;
аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;
оқыту мазмұнына сүйену;
көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын объективті тексеру әдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну;
оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен шарттарын баяндау.
Достарыңызбен бөлісу: |