Дамудың жақын арадағы аймағы – оқушы тапсырманы өз бетінше
орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы
біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының
нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегінсіз орындай алмайтын
тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы
мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және қарым-қатынасын қолдау үшін
қажетті көмек деңгейін анықтауда білім мән мәтінінде құнды
тұжырымдамалық құрылымды қамтамасыз етеді.
ЖАДА – бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі
реттейтін әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек
адам өзара қарым-қатынас барысында тапсырманы алдыңғы білімдер және
тәжірибемен байланыстыра отырып және қызметті жүзеге асыруда баланың
мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.
Көпіршелер.
ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын
Document shared on www.docsity.com
Downloaded by: aiganym-zeinurova (zeinurovaaiganym@gmail.com)
тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін оқушыға ұсынылатын
интерактивті мүмкіндіктерді америкалық педагог-психолог Жером Брунер
«Көпіршелер тұрғызу» деп атаған.
«Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы
астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды
аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын
қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген
реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |