Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет220/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

«A good teacher does not forget his bad pupil too»

«Жақсы ұстаз жаман шәкіртінде ұмытпайды»
Н.Ә.Назарбаев Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.

Орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине ұстаз.

Шетел тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу. Әрбір ағылшын тілі пәні мұғалімнің алдына қойған мақсаты-осынау дүние жүзіндегі қарым –қатынас экономика, мәдениет және тағы басқа салалардағы маңызды орынды иеленіп тұрған тіл-ағылшын тілін терең әрі жан –жақты түсіндіріп үйрету. Ағылшын тілін үйрену қоғам талабы бола тұра, оқушылардың тілі оңай әрі жетік меңгере алмауы-өз ортасында ағылшын тілін көп қолданбауы себеп. Мысалы оқудың алғашқы кезеңінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін,ал бара-бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі.

Яғни


Оқушының сөздік қорларының аз болуы,

Бірін-бірі тыңдай бағалай алмауы,

Өзіне деген сенімнің болмауы,

Өз ойларын ашық айта алмауы,

Өз бетінше ізденістің болмауы,

Сабаққа деген белсенділіктің болмауы.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар. Олар мыналар.

1. Әңгімелесу, әңгіме құрату-өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.

2. оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атау (киім-кешек, ыдыс- аяқ,үй жиhаздары т.б).

3. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру. (таныс емес заттарды көрсету, т.б.)

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы-оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет. Олар игерілуге, білуге қажет сөздер, жиілік ахуалдың тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай,ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылуы қажет. Мысалы оқушы, оқы, кітап деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн. Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.

Тіпті ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:

1. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады

2. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады

3. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік дағдыларын қалыптастырады.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындардың екі түрімен үйретуге болады. Ойынның бірінші түрі: Дайындық ойындар. Ал екінші түрі: Шығармашылық ойындарды пайдалануға болады. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографиялық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы затты тығып қойып,

Ағылшын тілінде «Менің кітабым қайда?» деп сұрақ қою.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографиялық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу болып табылады

Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бет бұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.

Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады.

Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі

Тапсырмалары

1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;

2. Мазмұнын түсіну;

3.Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып,суреттеу.

Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады.Яғни «Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді.Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.»деп ұлы ойшыл А.Дистерверг айтқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет