Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет216/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Литература

1. Кирьянова Р.А. Шпаргалка для логопеда. СПб: КАРО, 2007

2. Филичева Т.Б., Чевелева Н.А., Чиркина Г.В. Основы логопедии. М. «Просвещение», 1989

3. Мазанова Е.В. Коррекция акустической дисграфии. М.: Гном и Д., 2007

4. Каше Г.А. Подготовка к школе детей с недостатками речи М.: Просвещение 1985

5. Бачина О.В., Самородова Л.Н. Взаимодействие логопеда и семьи ребенка с недостатками речи. М., 2009

6. Пятница Т.В., Солоухина –Башинская Т.В. Справочник дошкольного логопеда. Ростов на /Д., 2009

БҮГІНГІ БАСТАУЫШ КЛАСС МҰҒАЛІМІНІҢ РӨЛІ
Аргинбаева А.У., Конырбаева А.О. (Ақтөбе)
Педагогикалық еңбек, мұғалімдік қызмет-қоғамдық өмірдің ерекше саласы. Мектептегі тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда мұғалім орасан зор қызмет атқарады. Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты болмақ. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі.

Мұғалім жалпы білім беретін әр түрлі типтегі мемлекеттік мектептерде оқушылармен оқу тәрбие жұмысын жүргізетін маман, дүниеге ғылыми диалектикалық материялистік көзқарасты, әлеуметтік психологиялық педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапаны, қоғамдық белсенділікті, оқушы және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім аьлу мен мен өзін-өзі тәрбиелеу игерген біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы.

Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, әлеуметтік-қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші жеткіншек ұрпақпен белгілі қатынаста болатын белсенді әрекет иесі.

Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Жақсы, шебер мұғалім дегеніміз-бала психологиясын,балалардың жас ерекшеліктерін және тіпті әрбір балатны жеке-жеке жақсы білетін ойлы, байқағыш психолог. Бұл барлық пән мұғаліміне талапты дегенмен, бастауыш класс мұғалімінің нағыз портреті деу –уақыт талабы.

Адамның өсіп-жетілуінде белгілі заңдылықтар болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр түрлі болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет. Педагогика және психология ғылымдары балалардың анатомиялық-физиологиялық өзгешеліктеріне қарай баланың жасын былай дәуірлейді:

1)Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін);

2) Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жылға дейін);

3) Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

4) Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін);

5) Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін);

6)Жеткіншек шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін);

7)Жасөспірімдік шақ (14-15 жастан 17 жаска дейін).

Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мүғалімгетәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оларды сол жас кезеңіне сәйкес қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға дұрыс жол табуға, олардың ішкі жан дүниесімен мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Сол жасқа тән ерекшеліктерді білу- әрбір баланың жеке жұмысының мінез-құлқын терең зерттеуте, оған педагогтық дара жол табуға көмектеседі. Ал бұл талаптың деңгейінде басты рөл атқаратын –бастауыш класс мұғалімі. себебі білім көзі - бастауышта.

Бұл шақта баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, Сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг шамасында болады.

Бастауыш сынып оқушыларының дамуы жедел сатыда болғанымен, омыртқалары мен жамбас сүйектері жетілу үстінде болады. Мұндайда болмашы ғана күш түсіру ауытқу туғызары сөзсіз. Бұл кезде денеге күш, салмақ жасау өте зиянды. Әсіресе, ұзақ жазу, ұзаққа созылған дене еңбегі. Оқушының түзу отырмауы омыртқаларының қисаюына, кеуде сүйегінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Сонымен бірге, бастауыш сынып оқушыларының дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер, атап айтқанда, бұлшық еттерінің жедел жетілуі байқалады.

Бастауыш сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөздік қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі, т.б.

Бастауыш кластан оқушының бүкіл болмысын зерттей,тани оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі саналық өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталады, жеті жасар баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылады. Ол баладан белгілі бір жауапкершілік пен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертеді, оған тұтас бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Сондай-ақ, оған бірқатар құқықтар береді. Осының барлығы баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді де, ол бұл өзгерісті біртіндеп сезінеді.Сөйтіп, бастауыш класс оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерініңтүсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқудың алғашқы күндерінен бастап олардың өмірлік тәжірибесі молая түседі.

Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу - оқи білу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игерубалалар арасындағы ұжымдық қарым-қатынастардың қалыптасуы үшін жағдай туғызады. Осы қатынастар, сондай-ақ мұғалімнің қарым-катынасы мен бағалауы бастауыш класс оқушысының өзіндік сана-сезімін, жеке адам ретінде өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Оқудың алғашқы апталарында бұл қарым-қатынас әлі де болса қалыпты емес, сондықтан, ол мұғалімнің әрбір бағасына байланысты. Бірінші класқа барған бала болмысты танудың алғашқы жаңа қайнар көзі - оқуды, жазуды, санауды меңгереді.

Оқу әрекеттерін орындау процесінде балада өзінің бақылауда отырғанын сезіну, ұқыпты болу сезімі қалыптасады. Мұның өзі оның объектілерді дәлме-дәл қабылдауына жеткізеді. Жазумен байланысты нәзік операцияларды меңгере отырып, бастауыш класс оқушысы осы қимылды бақылай білуге, оларды асқан дәлдікпен атқара білуге үйреніп қана қоймайды, сонымен бірге, өздері жазған әріптерді дәл қабылдауға, осы операцияларды орындауға зейінді болуға да үйренеді.

Оқу еңбегі үстінде баланың бүкіл психикалық әрекетін, еркінше зейін, еркінше ес қабілетін, еркінше қабылдау, ойлау әрекеттерін еркінше реттеп отыру қалыптасады.

Баланың өз мінез-құлқына, өзінің ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы іс-әрекет жолдарын меңгеру процесінде өтеді. Сондықтан, мұғалімнің міндеті бастауыш класс оқушысына оқу жұмысының неғұрлым жетілген: мұғалімді тыңдай білу, байқау, оқулықты оқи білу, түсіне отырып, есте сақтау, оқылған нәрсені еске түсіру, жатқа білу, есептерді талдау, шешу дәптердегі оқу материалына ынта қою, т.с.с. тәсілдерімен қаруландыру керек. Бастауыш клас тардағы оқушыларға тән кейбір жалпы ерекшеліктерді еске алып отырудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушылары білуге тым ынталы болады, олардың табиғат құбылыстары туралы, адамдардың өмірі туралы көп білуге деген құштарлығын қанағаттандыру өте қиын. Бастауыш класс оқушыларының осы ерекшеліктерін педагог шебер бағыттай білгенде ғана бұл ерекшеліктер кең тұрғыдағы мүддені, ой-өрісті, жаңаны үнемі біліп отыруға деген талабы мен тілегін тәрбиелеуге негіз бола алады.

Бастауыш класс оқушыларының маңызды бір ерекшелігіолардың сезім толқуының көтеріңкілігі. Мұғалімнің жарқын лебізі, көрген фильм, оқылған кітап немесе әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан дүниесін сергітеді және жоғары адамгершілік сезімдерін, Отанға деген, оның өткені мен қазіргісіне деген сүйіспеншілік, сезімталдық, зейінділік, сергектік сезімдерін қалыптастыру үшін қолайлы алғы шарттар жасайды.



Бастауыш кластағы оқушылар ересек адамдармен, яғни, мұғалімдермен, ата-аналармен, өзінің кластас жолдастарымен қарым-қатынаста болуды соншама керек етеді. Олар үшін неғұрлым беделді тұлға - мұғалім. Мұның өзі балаларға ықпал жасаудың мейлінше мол мүмкіндіктерінашады және сонымен бірге, мұғалімге орасан зоржауапкершілік жүктейді. Бастауыш класс мұғалімі өзінің әрбір қадамын ойлап, әрбір сөзді байыпты сөйлеуі, балалармен қарым-қатынасын терең сезініп, дұрыс құруы, сөйтіп осы арқылы оларды дұрыс тәрбиелеуге тиіс. Себебі бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді. Олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі. Оқушыларға әр алуанықпал етудің мұғалім жасаған жүйесі және сол жүйенідәйектілікпен жүзеге асыру балалардың қалыптасуына оңдыәсер етеді. Мұғалімнің балаларға қарым-қатынасы орынды талап қоюшылықпен үйлестірілген үлкен жылылық және қамқорлықпен сипатталады. Балалар мұғалім еңбегін шексіз сенім білдірумен қайтарады.Сол себептен бастауыш класс мұғалімінің ролі зор.Өйткені ол- шәкірт деп аталатын тұлғаның алғашқы мүсіншісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет