Инновациялық прогрестің кезеңдері:
Инновация себептері;
Жаңалықты жобалау;
Жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық прогресті күшейтетін бес фактор:
Оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық прогреске қатысушылардың бір – бірімен өзара әрекеті, қарым – қатынасы;
Инновациялық прогрестің жоспары, бағдарламасы;
Бағдарлама жоспар бойынша әдіскерлердің кеңес беруі, ықпал етуі, сәтсіздікті жоятын шараларды белгілеу;
Әлеуметтік-экономикалық жағдай;
Инновациялық прогреске қатысушылар : бастама көтерушылер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Бүгінгі таңда қоғамдық талаптарға сай бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа міндеттерді анықтауда. Инновациялық білім беру технологиялары бойынша балалар мен қарым- қатынаста жетістікке жету жолдары:
Оқып үйрену;
Тәжірибе алмасу;
Әдіс – тәсілдерді іс жүзінде қолдану;
Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану керек;
Ерік – жігерді талап ету;
Үлгі алу;
Көңілге ықыласпен тоқу.
Қазіргі заманда ақпараттық – коммуникативтік технология әлемдік стандартқа сай білім беру жүйесіне жас ұрпаққа оқу үрдісінде қолдану тиімділігі маңызды. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан – жақты дамыған шығармашыл, рухани ой – өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту міндеті ұстаздар жауапкершілігінде екені белгілі. Ақпараттық – коммуникативтік технологияның қодану мақсаттарына тоқталсақ:
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны білім деңгейін тексеру бағытына қолдану;
Мұғалімнің оқытушылық мақсатта қолданылуы;
Компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану;
Электронды оқулықтар мен интернеттер пайдалану;
Оқытудың ақпараттық технологиясы – ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио, видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б)
Инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, шығармашылығын ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Инновациялық әдістің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым – қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдіске жататындар:
Проблемалық шығарма әдістері;
Пікірталастар;
Топпен жұмыс;
Миға шабуыл әдісі;
Іскерлік ойындар;
Презентациялар.
1997 жылы ҚР «Тілдер туралы» Заң қабылданған сәттен бері ҚР Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестердің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Қазіргі уақытта елде тілдер қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты.
ҚР Конституциясымен бекітілген және ҚР «Тілдер туралы» Заңда көрініс тапқан республикада лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болытыны айқындалған. Жоғарыда аталған үш функционалдық – лингвистикалық топ үшін дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден туындай отырып, қалыптасады. Осылайша, басымдылықтарды таңдау олардың әрқайсысы үшін заңмен айқындалған әлеуметтік қызметтермен тікелей байланысты болады.
Басымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі:
1-басымдық
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
2-басымдық
Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару, заң шығару, іс – қағаздары салаларында, халықаралық қызметте дамыту.
3 – басымдық
Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдік даму
4 – басымдық
Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету
5 – басымдық
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құрадары, сондай – ақ денсаулық сақату және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму.
Қазақстан Республикасының тілдер туралы негізгі заң актілері 5 топқа бөліп талданады:
Қазақстан республикасы Үкіметінің және Президентінің қаулы – қарарлары, Жарлықтары.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, іс – шаралар жоспарлары.
Облыстық әкімшіліктің, облыстық білім басқармасының (департаменттерінің ), біліктілікті арттыру институттарының бұйрықтары мен аймақтық іс – шаралар жоспарлары.
Аудандық әкімшіліктің, аудандық білім беру бөлімінің (департаментінің) бұйрықтары мен іс – шаралар жоспарлары.
ЖОО, колледж, кәсіптік мектеп, лицей, гимназия, жалпф орта білім беретін мектептер мен арнаулы мектептер, балалар үйлері мен балабақшалар т.б. іс –шаралар жоспарлары.
Достарыңызбен бөлісу: |