Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚУШЫНЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАҒЫТТАУ



бет306/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ОҚУШЫНЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАҒЫТТАУ
Мелден Г. (Қызылорда)
«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «Жаңа білім процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық (өнімсіз) және (шығармашылық, зерттеушілік) өзгертушілік сипатта болуы мүмкін.

Жоба -латын тілінен projectus аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Сонымен қатармәндес бірнеше ұғымды: белгілі бір ғимараттар бойынша құжаттар жиынтығын, кейбір құжаттың жобасы, белгілі бір жоспарды білдіреді.

Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық тұрғыдағы ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.

Зерттеушілікке оқыту баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс- әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетті қалыптастыру.

Зерттеудің жобалаудың зерттеуден айырмашылығы жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді.

Жобаны әзірлеу әдетте шығармашылдық іс, бірақ, шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға болатынын естен шығармаған жөн.Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанмен,зерттеу сияқты тереңдей береді.

Зерттеу мен жобалау мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің пайдасын түсіне білу керек. Жобалаумен қатар,зерттеушілік жұмыстарды орындауға болады. Әдістемелік тұрғыда жобалау әдісі бойынша жүргізілетін зерттеудің шынайы болжам жасаудың, олардың нәтижелерін жоспарға сәйкес тексерудің нақты жоспарын құруды көздейтінін ескеру қажет.Ал зерттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс.

Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды.

Мұғалім үшін негізгі нәтиже баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес,оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі,жай орындаушы ғана емес, анық шығармашыл психикалық жаңа көзқарасы.

Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс :

1. Оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;

2.нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару,

3.Талқылау кезінде баға беруге асықпау.

4.Білім алу барысында балаларға көмектесу

-Өз бетінше проблеманы шығару;

-Проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;

-Пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;

-Ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;

-Өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну

5.Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету;

Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікте көруге болады:

1. Зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау

2.Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау)

3.Зерттеу әдістерін таңдау;

4.Зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу,бақылау, эксперимент т.б)

5. Алынған материалды талдау және тарату (алынған материалдарды белгілі ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып, құру)

6. Қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау т.б)

7.Презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру);

8.Аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау.Рефлексия

Зерттеу тақырыбы мен саласы туралы айта кетсем, зерттеу саласында оқушы біршама қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оларды классификациялауды үйретіп отыруы тиіс.

Зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен салаларын класификациялаудың түрлері көп. Мысалы: Зерттеу тақырыптарының аясында медицина, ғылым мен технология, ғалам, мәдениет, қоршаған орта, адам және қоғам, тағы басқалар.

Мұғалім оқушыларға ақпарат жинау бойынша, жоспар құру жөнінде проблемалық сұрақтар қоюға болады.

Мәселен, «Біз алдымен не жасай аламыз ?»

Зерттеуді неден бастауға болады?

Осылайша А.Н.Савенковтың зерттеуге үйрету әдісі бойынша жоспар құрылуы тиіс

Оқушыға еркіндік, бостандық берілуі тиіс

Осыдан оқушы презентация жасай отырып, рефлекция қорытынды жасайды.

Питер Клайн «Оқушыға оқу материалдарының негіздерін өз бетімен зерттеуге мүмкіндік берсе, олар өте жақсы оқитын болады» деген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет