Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Әдебиеттер 1. «Бастауыш сынып» 2007 №12. 2. Интернет материлдары. БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



бет354/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

1. «Бастауыш сынып» 2007 №12.

2. Интернет материлдары.

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Туысова А.Е. (Ақтөбе)
Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет – әртүрлі әдіс - тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын жақсарту.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқытушылардың біліктілігін арттыруға аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.

Педогогикалық технология оқу үрдісімен,яғни мұғалім мен оқушының іс - әрекетімен, оның құрылысымен,құралдарымен,әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті,сауаттылықты қажет етеді. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, әрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Ендеше болашақ ел ұрпағы үшін ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастыра отырып, сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» Н.Ә.Назарбаев. Шындығында да, мұғалім – барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, бағыт-бағдар беретін асыл жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтылған.

Балалар – болашағымыз. Білімді жастар – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да балаларды білім нәрімен сусындатып, биік армандарға жетелейтін ұстаздың қоғамдағы орны да ерекше. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, білім өркениеттің басты көрсеткішіне айналған заманда да мұғалім мәртебесі одан әрі арта түсуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп білімнің ерекше маңызын айқын көрсетіп берді. Ұстаз – ең алдымен,шәкірт үшін ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші, білім нәрімен сусындатушы, адамгершілік қасиеттерге баулитын,оқушыларға бүгінгі алған білімнің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт беретін үлкен тұлға.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушылардың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашу. Мына сандарға көз жүгіртіп, ойланып көрейікші: мұғалім өз өмірінде 25 мыңнан астам сабақ береді екен, ал оқушы 11 жылда 10 мың сабаққа қатысады екен.

Әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілі бар. Қандай әдіс-тәсіл болса да, оқушыны ойлануға жетелеумен бірге оны ортаға салуға, басқалармен пікірталастыруға жетелеуі тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды. Алайда, мұғалімге «Сабақты былай өткіз» деп нұсқау беру қиын, өйткені ол – мұғалімнің қиялынан туындайтын, шығармашылықты қажет ететін үрдіс, яғни мұғалім – өз сабағының авторы. Мұғалім жұмысы ұдайы ізденісті, еңбексүйгіштікті қажет етеді. Оқушыға сабақта ең бастысы – жүргізілетін іс-әрекеттер. Белгілі педогог В.Сухомлинскийдің «Сабақ – бұл мұғалімнің жалпы және педогогикалық мәдениетінің айнасы, оның интеллектуалдық байлығының өлшеуіші, ой-өрісі, білімдарлығының көрсеткіші» деген сөзі – соның шынайы көрінісі.

Жаңашыл сабақты өткізгенде оқушыларға білім мен біліктілікті игерту ғана емес, сонымен бірге олардың білімге деген шынайы қызығушылығын, нақты сенімділігін тудыру, олардың шығармашылық санасын оятуға бола ма?

Мұғалімге сабақ өткізуге мына төмендегі ұсыныстардың көмегі тиері анық.

Біріншіден, сабаққа дайындықты неден бастау керек?

1. Сабақтың тақырыбын нақты түрде анықтау және құру;

2. Оқу курсында тақырып орнын анықтау;

3. Өтілетін сабақтағы басты түсініктерді анықтау, сабақ бейнесін қарап шығу және керісінше, оқу материалының келешекте іске асырылатын бөлімін, өз әрекетін өрлеу іскерлігі ретінде қарау қажет.

Екіншіден, мұғалім үшін сабақтың мақсатты нұсқауын анықтау және құру не үшін қажет деген сауал туындайды.

Осыған байланысты сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларын анықтап алу керек.

Дарынды балаларды анықтау – өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым бала дарынды, тек уақытырген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен де нақты қабілетін анықтап, дамыту керек» десе, ал қарсы көзқарастағылар құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей» дейді. Ал шындығында «...дарындылық – өте сирек адами ойлау – ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.

Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілігі (сурет салады, ән айтады, өлең, әңгіме жазу, билейді т.б.) байқалады. Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата - аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу.

Халқымыздың бейнелеу өнері – бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған өнер саласы. Балалардың есту, көру сезімдерін дамыту және ұлттық бейнелеу өнеріне баулу – бұл қазіргі мектептегі бейнелеу өнері пәнінің ең басты міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің тарихы – бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына,сана-сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер тарихы, яғни бұл – шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, халқымыздың тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден бір куәгер.

Бейнелеу өнерінің кез келген түрі адамның танымдық мүмкіндігіне және әдемділікті сезінуіне әсер етеді және оқушыларға өмірдегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған заттар мен құбылыстарды, дүниені нақты бейнелеуге үйретеді. Кеңістік пен зат, сол сияқты өнер мен ұлттық тыныс-тіршілік өте тығыз байланысты болғандықтан, оқушылардың өмір шындығын бейнелеген әрбір суреттерінде кеңістік ұғымын, ұлттық сана мен ойды қалыптастырудың маңызы зор. Яғни ұлттық нақыштағы барлық бейнелеу өнері материалдары оқушылардың сапалы тәртібі мен мәдениетін, ұлттық ой-өрісін шыңдауға ат салысады.

Оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, ұлттық сипаттағы бейнелеу іс-әрекетін дамытуды бейнелеу өнері сабағында мынадай жолдармен өткізуге болады:

-сабақта кең көлемде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекі құралдарын пайдалану;

-сабақты түрлендіріп өткізу;

-сабаққа ұлттық тақырыптардағы иллюстрацияларды, шығармаларды және оқушылардың өздері салған ұлттық нақыштағы суреттерді пайдалану;

-технологиялық құралдарды тиімді қолдану;

-ұлттық бейнелеу өнері туралы бейнетаспаларды көрсету,т.б.

Оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Мәселен, оқушылар затқа қарап сурет салуды қаласа, онда ұлттық нақыштағы, тақырыптағы заттардан натюрморт құрастырып сурет салған дұрыс.

Демек, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Әр сабақта нақты мақсат қойып, сол мақсатына жетіп, оқушыға теориялық білімді жан-жақты меңгерте отырып, нәтижесін өз дәрежесінде көру – әр пән мұғалімі үшін ең басты мәселе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет