Әдебиеттер
Оқыту - тәрбиелеу технологиясы. 2011ж.
М.Жұмабаев. Педагогика Алматы 1993ж.
Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары. Алматы 2009ж.
МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПҚА ДАЯРЛАУДЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Тұтқабекова Д. (Қызылорда)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейінде бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтамасыз ету, баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетіледі. Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие жұмысын бірнеше аспектілерде қарауымыз тиіс, соның бірі білім мен тәрбиені ұйымдастырудың жүйесі. Ол жүйе төмендегідей болуы тиіс деп ойлаймыз:
- Мектепалды даярлық сыныбындағы тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастырудың тиімді әдістерін таңдап алу;
- Мектептен кадрларды дұрыс іріктеп алу және мектеппен жүйелі түрде тығыз байланыс жасау;
- Материалдық - техникалық және медициналық әлуметтік жағдай жасау;
- Мектепалды дайындықтың сапасына әлеумет пен ата-аналар қауыммен бірге ұйымдастыру.
Аталған міндеттердің біріншісін шешуде білім мен тәрбиедегі ұтымды технологияларды пайдалану үлкен нәтиже береді деп білеміз.
Баланың мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық. Оқуға психологиялық дайындық - көп қисынды ұғым. Ол біліммен үйренудің тұтас, барлық негізгі құраушылары қатысатын құрал ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін , мектепке оқуға дайындығын әуендік, еріктік, интеллектуалдық, әлеуметтік және сөздік дайындығынан көруге болады. Әуендік дайындық жағымды, эмоциялық орнықтылықты, яғни баланың оқушының өзіне елестетуі жаңа әлеуметтік жағдай және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы. Еріктік дайындық өзін-өзі қалыптастыру - бұл баланың тыңдай білуі, түсінуі, үлкендердің айтқанын есте сақтауы, ереже бойынша жұмыс істеуі. Бастауыш мектепте негіз болатын, бес жасар бала мектепке барар алдында көрнекті - әрекеттік ойлау қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай бұл білім негізі болып қалыптасады. Бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуге тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Мектепте оқытуға дайындық – бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі, жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушыларының рөлі арқылы балалар тобымен ойнау дайындығын дамытады. Балалардың бес жастан мектепке қабылдануы қайта жаңғыруды және алдын ала жетекші іс - әрекеттің ауысуына өзгеріс әкеледі. Қайта жаңғырумен жетекші іс – әрекеттің қалыптасуы келесі кезеңдегі тұлғалық дамудың деформациялануына немесе келешекте қажетті қасиеттерді қабылдауға қиындығын туғызады. Бұның барлығы білім саласында балалардың мектепке қабылдануында жас ерекшелікке көп көңіл бөлуді жас ерекшелікке сай оқыту әдістерін қолдануды және тәрбиелеуді оқушылармен қарым – қатынас стилін жаңартуды талап етеді. Мектепке келу бес жасар баланың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Оқу процессін саналы түрде ұйымдастыру үшін бұл жастағы балалардың психологиялық ерекшелігін жақсы білу қажет. Бес жасқа қарай зейіннің еріксіздігімен қатар ерікті, белсенді зейін пайда бола бастайды. Бұл саналы мақсат пен ерік жігердің күшіне байланысты болады. Бұл заңды өзгерістер бес жасар балалардың есте сақтау қабілетінде де бар. Бес жасар балалардың дамуында көптеген өзгерістер ең алдымен тіл дамуында, ой, зейін, ес, қиял сапаларында байқалады. Баланың сөздік қорыда ұлғаяды. Өзінің қызығушылығына байланысты күнделікті тіршілікке қатысты әрекетте бала басқа адамдармен кез-келген жағдайда тез тіл табысады. Бес жасар бала заттардың ұқсастығын басқа затпен салыстыра алады. Бес жасар баланың ерекшелігі -танымдық белсенділік.
Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:
Бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жан-жақтылығы;
Қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;
Динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;
Әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге ерік-жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.
Математика сабағында балалар 10 көлеміндегі сандарды үйретуде сол сандадың түзілу заңдылықтарына, сандардың бірліктерден құралатынына, олардың натурал сандар қатарындағы орындарын ажыратуға, осы сандарды көрсететін заттардың негізгі топтарын атай білуге бір санға байланысты заттардың санын анықтау немесе белгілі бір заттан сан құрауға көңіл бөлінеді. Балалардың 10 көлеміндегі білімдерін тиянақтап, бекіте отырып, балаларды 20-ға дейін ауызша санай білуіне үйретеді. Есептерді шығару және балалардың өздеріне ауызша есеп құрастыру жұмыстары жүргізіледі.
Сауат ашу сабағында сөз, сөйлем, дыбыс пен әріп туралы түсініктері қалыптасады. Әріп таңбаларымен ауызша таныстырылып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дауысты дыбысты қызыл текшемен , дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілеу арқылы дыбыстың талдау жасайды.Сауат ашудан қол жаттықтыру дәптерінің көрсетілген үлгі бойынша, бала мектепке көркем жазуға даярланады жазу кезінде дұрыс отыруды, қаламды дұрс ұстауды үйренеді.
Мектепалды даярлық сыныбында өткізген сабақтарымда «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының әдіс - тәсілдерін пайдаланып көптеген нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімділік білдіріп, тұйығып отыратын оқушылар да өз ойын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды топқа бөлу кезінде сабаққа қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алысып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Мектеп табалдырығын аттағанына көп уақыт болмаған метепалды даярлық бүлдіршіндеріне сауат ашу пәнінен «Пп дыбысы мен әрпі» тақырыбында жаңа технологиялардың әдістерін пайдаланып семинар сабақ өткіздім. Бұл сабақты өту барысында байқағаным балалар өзінің жас ерекшелігіне сай алған тапсырмаларын орындап, өз ойларын ашық, дұрыс айтып, топтық жұмыс жүргізілген кездеде оқушылар белсенділік танытты.
Дұрыс іріктеліп алынған кадр мәселені нәтижелі шешетіні анық. Мектеп жүрегі – мұғалім десек, сол ұстазымыз қандай деген сұрақ туады. Ұлағатты ұстаздар деген атқа лайықты болу үшін білімді де білікті болуы тиіс. Мектепалды даярлық сыныптарында өткізілетін сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру ізденімпаз шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Бесарық бекетіндегі біздің №247 орта мектеп былтырғы оқу жылынан бастап жаңа оқу ғимаратына көшкен болатын. Жаңа мектепте жаңаша жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Мектептегі барлық оқу кабинеттері қазіргі заман талабына сай барлық техникалық құралдармен жабдықталған. Интерактивті тақталар, компьютерлер тағы басқа техникалық құралдар әр оқушыға есептеліп қолжетімді етіп қойылған. Енді тек қана біздерден ұстаздардан оқушыларға бүгінгі сұранысқа сай білім талап ету қажет деп білміз.Мектепалды даярлық сыныбындағы жас бүлдіршіндерді де мектепке жан-жақты етіп дайындауға біздің де толығымен мүмкіндігіміз бар. Тек бізге енді іздене отырып жалықпай жұмыс істеу керек. Осы талап тұрғысынан шығатыныма менің де өз сенімім бар.
Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді. Әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтарды айтып баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады. Кез-келген ата-ана баласының өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізіп келемін.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақпен өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді.
Қорыта келе, баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек. Алдағы уақыттан күтеріміз – шебер де білікті мамандар қатарының толыға түсуі, бүлдіршіндерге мектеп үйінің қуаныш үйіне толық айналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |