Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет364/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Оқушы АКТ Мұғалім


Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші,ізденуші Саралаушы

білім қорын жинаушы Кеңесші

Өңдеуші

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыпайдалануоқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: Теледидар бағдарламалары; Сандық теледидар; Интернет; Ұялы телефон; Ұтқыр қондырғылар; Компьютер/ ноутбук.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу [6] .

Cабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін АКТ арқылы бақылауға,тәжірибе жасауға ақпарат жинауға, бағалауға,талдауға және синтездеуге болады.

Блум таксономиясын басшылыққа алып,АКТ құралдары арқылы оқушыларды тақырыпты меңгеруі, түсінуімен қатар оқушының сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Сыни тұрғыдан ойлау тыңдау және көру арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру керек.[7]

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Суреттер,фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;

Негізгі дереккөздерді көріп болған соң бағалауға және соларға сәйкес сұрақ қоюға;Негізгі дереккөздерді тауып, жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салыстыру және талқылауға; Анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады.

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады; Көрнектітүрде тапсырмаларды орындай алады; Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі; Уақытты үнемдейді; Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді; Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.[8]

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.[9].

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді рөл атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.[10]

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету; тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру; дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру; [11].

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті: мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы; сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы; білім мен тәрбиенің бірізділігі; сабақтың жүйелілігі; әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру; әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану; өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну; оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау; үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі; бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.[12].

10сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде электорнды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді.«Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері»тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді.Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.

Қорыта айтқанда,оқушыларды шығармашылыққа,өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа ақпараттық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.Тарих пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет