Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2. Ақпараттық технология-http:kk.wikipedia.org.
3. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы , 2007 жылғы 27 шілде
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аблашимова А.Т. (Ақтөбе)
Соңғы кездері жалпы білім беру мекемелерінің түлектерін дайындау талаптарының өсуіне байланысты мектептердегі оқытудың түрлі әдістері іске асырылады. Сабақтың тиімділігін арттыру, оқытуда жоғары нәтижелерге жету үшін заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады. Бұл технологиялар алдымен, білім берудің сапасын арттыру және оқушылардың оқу қызығушылығын арттыруға, әрбір оқушы оқу үрдісінің белсенді субъектісі бола алатын ыңғайлы білім ортасын қалыптасыруға бағытталған. Қазіргі уақытта мектептегі әрбір оқу бағдарламасының аясында түрлі технологиялар жасақталып, іске асуда.
Бірақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданбай қазіргі білім беру үрдісін елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар білім беруге дендеп енуде. Оқу үрдісінде АКТ қолдану – бұл уақыт талабы. Бүгінгі компьютер қолданбайтын бірде-бір мамандық, бірде-бір сала жоқ, сондықтан да, әрбір оқушының міндеті оны өмірде қолдана білу: ізденіс үшін, ақпаратты жасау және құру үшін.
Математика сабағында АКТ қолдану күрделі және жауапты іс болып табылады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы өзгереді: мұғалімнің белсенділігі оқушылар белсенділігіне жол беріп, оқушылар қызметіне ыңғайлы жағдай тудырады. Сонымен қатар оқушыларға беріліп отырған ақпараттың оқу бағдарламасына сай, түсінікті, таңдап және іріктеліп алынған, бір бағдарламалық ортаға енгізілген содан соң ғана оқушыға ұсынылған болу керек. Сондықтан да мұғалімнің жұмысы күрделеніп, дәстүрлі сабаққа қарағанда жоғары біліктілікті талап етеді. Бір жағынан компьютерлік бағдарламамен жасақталған оқу материалы оқушылардың назарын жинақтап қоймай, қызығушылығын да арттырады.
Жаратылыстану пәндері мұғалімдері үшін АКТ және компьютерлік техника қолдану жаңа мүмкіндіктер ашып, мектеп сабағын оқытуда мүлдем жаңа әдістемені қолдануға мүмкіндік береді.
Компьютерді қолдану геометрия курсын оқуда үлкен тиімділік беріп, компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Бұл тек берілген материалды іске асыру емес, тікелей ойлауды іске асырады.
Математикадан көп тараған бағдарлама-құрастырушыларға (Практикум «Математика 5-11», «Ашық математика» сериясы, «Оқыту топтамасы» сериясы, «Тірі математика» т.б.) графикалар құрастыру, компьютер көмегімен геометриялық чертеждер құру жатады.
Оқушы функциялар графикасын қағаз бетінде құрған кезде кеңістіктік шектеулер болады да, сызба координаттар жүйесінің шегінде бейнеленіп, жақын арадағы шексіздік оқушының ойында бейнеленеді. Барлық оқушылар қажетті кеңістіктік ойлау қабілетіне ие болмайды, нәтижесінде графика секілді математикалық тақырыпта үстірт білім қалыптасады.
Берілген тақырыпта кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда және дұрыс түсінік қалыптастыруда компьютер теңдессіз құрал. Дисплей экранында графикалар құрастыратын бағдарламалар графика сызбасын түрлі масштабқа сыйғызып көрсете алады. Компьютерлік графика балаларға экрандағы түрлі объектілермен әсер ете, олардың жылдамдығын, өлшемін, түсін өзгерте отырып, оқу материалын игерте алады. «Тірі математика» өз сызбаларын құрастыруға, зертханалық жұмыстар жасауға, құрылған сызбаларды, объектілерді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысандарды бұруға, көрсетуге, үлкейтуге, кішірейтуге басқа қырынан қарауға болады – бұл геометрия сабағында өте қажет дүние.
Жақсы көрнекілікпен, ақпаратпен жабдықталған оқу ортасы пайда болады, материалды игеру үшін жеке схема таңдау мүмкіндігі беріледі; материалды оқу траекториясын бағыттау, бақылап отыруға мүмкіндік туады; тақырып басқа материалға шексіз сілтеме құрайды.
Компьтер оқудың барлық сатысында қолданылады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау кезінде, мұнда ол түрлі: мұғалімнің, жұмыс құралының, оқу нысанының, тұтас ұжымның функцияларын орындайды.
Соңғы кездері PowerPoint ортасында орындалатын презентациялар үлкен рөл ойнауда. Мұндай презентацияларды әр мұғалім кез-келген сабағына жасай алады. Мұнда күрделі сызбалар, нақты тақырыпқа тірек конспектісін жасауға, қызықты бейнефрагменттер, тарихи анықтамалар, схемалар, кестелер, жақсы иллюстрациялық материалдар т.б. салуға болады.
Мұндай презентацияны әрбір компьютерде, үлкен экранда көрсетуге болады. Сонымен қатар оны кез-келген қолжетімді редакцияда әдемі, көрнекі түрде беруге болады.
Зерттеулерге қарағанда адам ойында естігеннің 1/4-і, көргеннің 1/3-і, естіген және көргеннің 1/2-і, сондай-ақ оқушы сабақ үрдісінде белсенді қызметке тартылған болса көрген және естіген материалдың 3/4-і қалады.
Кез-келген педагог өзінің пәнін оқушы жақсы меңгергенін қалайды, сондықтан да, бір компьютерде бір немесе бірнеше оқушы жұмыс жасаған компьютер кластарындағы сабақ кезінде біз оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйретеміз, ұжымдық, ұйымшылдық дағдыларын дамытамыз, сонымен қатар АКТ қолдану түсіндіру-көрсету тәсілінен бала сабақтың белсенді мүшесі бола алатын қызметтік тәсіліне көше аламыз.
Ақпараттық технологияларды қолдану оқу үрдісінің тиімділігін арттырады, оқу уақытын үнемдейді оқушыға оқу материалын меңгере алатындай жұмыс жасауға, яғни, оқушыны оқытуда жеке-бағдарланған тұрғыда оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді, оқушыға білімді дербес алуға жағдай жасап, дамушы білім беру қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді, оқытудың ыңғайлы ортасын қалыптастырады.
Жұмыстың тағы бір бағыты – компьютерді оқушылар білімін тексеруге пайдалану. Ол үшін электрондық оқулықтарда берілетін тестілер қолданылады, бірақ дайын тестілер барлық жағдайда оытылып отырған материалдың өзегін бере бермейді, сондықтан да, тестілер құрау бағдарламаларының көмегімен тақырыптар бойынша қосымша тестілер жасақталады.
Компьютер оқушылардың білімін тексеріп, оқытушыға тәуелсіз бақылау нәтижесін көрсетеді. Тестілер нәтижелері әрбір оқушының және тұтас кластың білім сапасының ақпараттар базасын жасақтайды.
Дегенмен, АКТ-ң барлық жетістіктерімен қатар ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізуді қиындатып, тежейтін қиындықтар да кездеседі.:
1) Техникалық сипаттаға себептер. Бұған компьютерлік кластардың және қазіргі компьютерлік техниканың жетіспеушілігі.
2) Психологиялық сипаттағы себептер – оқытушылар өз істерінің стилін өзгертуге қорқады, техникаға сенбейді, ешқашан ондай болмаса да бұзылып, сынудан қорқады.
3) Оқу пәндерін бағдарламалық қамтамасыз ету түрліше: бағдарлама-оқулықтар, бағдарлама-тренажерлер, оқыту бағдарламалары, тестілеу құралдары, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, бейнесабақтар, электрондық көрнекі құралдарының кітапханасы. Сол сияқтя бұл қорлар үнемі өзгереді, жаңарады және жетілдіріледі. Мұғалімге қандай да бір бағдарламалық өнімді пайдалану және жасаудың мақсаттылығы мен мүмкіндігін бағалаудағы бағдарлану қиындығы.
4) Жұмыста осы технологияларды тиімді қолдана алмау – басты проблема. Мұндай проблеманы шешудің басты жолы – мұғалімдерге оның қалай жасалатынын көрсету, десек те, басқа пәндер үлгісінде көрсету тиімсіз, оқытылып отырған пән бойынша нақты бағдарламалық өнім қажет және осы бағдарламамен жұмыс жасаудың қолданыстағы әдістемесімен таныс болу керек. Тек осыдан кейін ғана мұғалімдер бағдарламаны өз бетінше іздеп, оны қолдана алады.
Бірақ та, барлық қиындықтарға қарамастан АКТ қолдану болашағы бар. Математика сабақтарында АКТ қолдану тәжірибесін саралай келе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мынадай мүмкіндіктер береді деп сенімді айтуға болады:
Оқу ынтасын көтереді (ақпараттық дамуға байланысты);
Сабақтарда неғұрлым көп көрнекіліктер ұсынуға;
Сабақ тиімділігін көтеру мақсатында жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін қолдануға;
Нақты зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыруға;
Жедел тексеріліп, атқарылған жұмысты компьютер бағалайтын тест тапсырмаларын пайдалануға (жұмыстың түрлі сатысында);
Түрлі анықтамалық жүйелерге, электрондық кітапханаларға басқа ақпараттық қорларға қолжетімділік қамтамасыз етуге
Математика сабақтарында АКТ қолдану оны іске асырудың тәсілдерін, әдістерін, түрлерін ізденумен ұласады, сабақ үрдісін тиімді етуге көмектесетін педагогикалық ақыл-ойдың даналығы жинақталады. Болашақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әрбір мұғалімнің қызметіне үйлесімді еніп, сабақтың ажырамас бөлігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |