Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ



бет392/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Әбдіқалық А. Ә.
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамды қалыптастыру -қажетті шартқа айналып отыр. Жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

XXIғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіре бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, оn-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің ролін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі».

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың білімін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана білу керек. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда.

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту. Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын компьютерлендірудің оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - деп, ел Президенті көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу – жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекелеген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру – кезек күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Барлық кластарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютерлендіріп, компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, соның нәтижесінде оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға күш салу керек. Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.

Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Компьютермен оқыту үрдісін енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Ал компьютерді толық меңгерген оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындауға мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Компьютермен жұмыс істеу өте қазақты. Нашар оқитын оқушы өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін сырласа отырып, ойлануға қолын жеткізеді.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен информацияларды білуге жол ашады. Ақын-жазушылардың шығармаларын, сазгерлердің күйлерін тыңдау арқылы мәнерлеп оқуды, эстетикалық тәрбиені қалыптастырады. Мәтіндік редактор арқылы бақылау жұмыстарын жүргізуге болады.

Мысалы әртүрлі компьютерлік бағдарламамен мәтіндер жазу, оқу, талдау, тест шығару, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Ал сабақтың бекіту кезеңінде халық әндерін тыңдай отырып, одағайларды тауып, үлгеріп жазып отырады. Сонымен бірге, әртүрлі мәтін құру, мәтінге аннотациялық талдау, диалог құру сияқты шығармашылық жұмыстар болады. Осындай сабақтар шәкірттерді халықтық салт-дәстүрлер негізінде тәрбиелеумен бірге, олардың шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке ақыл-ойы, ойлау қабілетін, ынтасын, коммуникативтік дағдыларын, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті сабағында әрбір тақырыпты өткен кезде ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны, композициясы, сюжеті, көркемдік ерекшелігі т.б. туралы тірек-сілтемелер беруге болады. Оқушы тірек-сілтемелер арқылы ойын жинақтап, шығармашылықпен жұмыс істей алады. Сонымен бірге оқушылардың көмегімен бағдарламадан тыс материалдарды жинақтап, мультимедия бағдарламасы бойынша репортаж дайындауға, ұйымдастыру кезеңінде олардың фотосуреттерімен галерея ұйымдастыруға болады.

Әрбір сабақта жаңа сөздер, фонетикалық, лексика-грамматикалық тақырыптар, мәтін, жаттығу жұмыстары, диалог үлгілері, әр сабақтың соңында тест сұрақтары беріледі. Оқыту кезінде әр түрлі анықтамалар, нұсқаулар, тапсырмалар берілуі тиіс. Мектепте оқыту процесінде электрондық оқулық қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білімін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады.

Электрондық оқулықтар арқылы оқыту кезінде логикалық ойлау жүйесін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, трансформация әрекетін жетілдіруді анықтай білу керек:



  1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары: заттардың, сөздердің қасиеттерін сипаттау, берілген қасиеттерге сай немесе басқа нәрселердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау.

  2. Ойлау белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуін дамыту жолдары: сұрақ қою, шағын пікірталас өткізу, мазмұнын айту.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болу үшін жан-жақты болып өсуі шарт. Олай болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарын компьютердің көмегімен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет